Абай • 10 Тамыз, 2020

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Абай күнін мерекелеуге атсалысты

334 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі парасаттылық идеологиясын қалыптастыру бойынша білім беру, ақпараттық және ұйымдастырушылық сипаттағы шаралар кешені жүзеге асырып келеді, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Абай күнін мерекелеуге атсалысты

Бұл тұрғыда өскелең ұрпақпен жүргізілетін жұмыстарға ерекше көңіл бөлінеді.

Осы жұмыс аясында агенттік жастарға әділдік, парасаттылық және сенім құндылықтарын, оның ішінде ұлы ойшылдардың еңбектерін талқылау арқылы сіңіру шараларына бастама жасады.

Бүгін, 10 тамыз күні бүкіл ел Абай күнін атап өтіп жатқанда, ұлы ойшылға арналып арнайы дайындалған бейнеролик республикалық "Хабар", "Қазақстан" және "Абай" телеарналарының, сондай-ақ өңірлік телеарналардың эфирінде көрсетілді.

А. Құнанбаев өз еңбектері арқылы жастарды адал және парасатты болуға шақырды.