Аймақтар • 10 Тамыз, 2020

СҚО полицейлері Абайдың 175 жылдығын атап өтті

378 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мерейлі жыл аясында Солтүстік Қазақстан облысы ПД бастығы, полиция полковнигі Марат Төлебаевтың бастамашылық етуімен ұлы Абайдың 175 жылдығына арналған "Хәкім Абай даналығы" атты іс-шаралар бастау алды. Осыған орай Абайдың асыл мұрасын насихаттайтын бірқатар іс-шара өткізу жоспарланып, Абай жылының логотипімен екі банер әзірленді. Жаман індетке байланысты аталған іс-шараларды ПД онлайн-форматта өткізуге мәжбүр болды.

СҚО полицейлері Абайдың 175 жылдығын атап өтті

ПД өткізілген іс-шараларға тәртіп сақшыларымен қатар, олардың балалары да қатысты. Атап айтсақ, Департаменттің әлеуметтік желілерінің аккаунттарында полиция қызметкерлерінің балалары Абай шығармаларын жатқа оқыған бірегей жобаны іске асырды. Жобаны алғашқы болып ұйымдастырушылық-инспекторлық бөлімінің бастығы Жібек Бурбасованың ұлы Әнуар Қайырболат бастаса, Петропавл қаласы ПБ бастығының орынбасары Сағындық Теміревтің немересі Бақдәулет Ержан "Жасымда ғылым бар деп ескермедім" өлеңімен жалғастырып кетті. Іс-шарадан СҚО ПД Ақпараттандыру және байланыс басқармасының инспекторы Гүлмира Мұстафинаның ұлы Аманат Сайран да тыс қалмады, ол Абайдың он алтыншы, он сегізінші, жиырма төртінші қара сөздерін шеберлікпен жатқа оқып шықты. Ақынның "Ғылым таппай мақтанба" өлеңін оқыған Ақпараттандыру және байланыс басқармасының аға инспекторы Айгүл Сәбитованың қызы Айзере Сәбит іс-шараның ең кішкентай қатысушысы болды. Полиция қызметінің аға инспекторы Нұрқанова Раушанның қызы Даяна Белялова "Ғылым таппай мақтанба" туындысын ағылшын тілінде оқыды.

Қызметкерлердің балалары Диар Сұлтан, Аңсар Өміржанов, Тамила Бағыт, Бектас Ойрат, Асылтас Наушина  және т.б. студияға түсірілімге келіп, іс-шараға зор қызығушылықпен қатысты.

Солтүстік Қазақстан облысы