Аса қамқор, Ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын!
Үкіметтің қаулысымен 10 тамыз Абай күні деп белгіленді. Әрине бір күнмен бүкіл Абай мұрасын халықтық деңгейде насихаттай алмаспыз. Әйткенмен де, осы қаулының өзі біз күткен игі істің бастамасы деп қабылдадық. Бұл – күллі ұлттар мен ұлыстарды бірлік пен игілікке, адамгершілік пен ізгілікке үндеп, «біріңді қазақ, бірің дос» тұтуға шақыратын күн.

Расында, Абай мұрасы өміршең, жылдан-жылға өзінің құндылығын арттыра түсуде. Абай атаған талап пен еңбек – қайратты танытса, терең ойыңыз – ақыл, ал қанағат пен рахым – жүректен туатын қасиеттер. Адам бойындағы осы үш қасиетті ерекше танып білуге тұратын таным екенін ақын «Малға достың мұңы жоқ малдан басқа» өлеңінде: «Үш-ақ нәрсе – адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» деп нақтылай түседі.
«Ыстық қайрат» үнемі ізденіс үстінде, тек алға ұмтылу, жасампаз болу ұғымын аңғартса керек. «Нұрлы ақыл» – елге сәуле түсіріп, ізгілікті іс істеу, Алла берген ақылды тек жақсылыққа жұмсау. Ал «жылы жүрек» деген ұғым иманды, иман жүзді болу, адамдарға құрметпен қарау, олардың мұң-мұқтажын, көңіл күйін ұға білу, айналаға шуақ шашу дегенді білдірсе керек. Міне, осы үш қасиет ізгілікті мақсатта пайдаланылған жағдайда ғана толық адам деген мәртебеге ие боламыз.
«Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста,
Сонда толық боласың елден бөлек», дейді хакім Абай. Олай болса, Абай үшін дүниенің басты құндылығы – адам, жай ғана адам емес, рухани тұрғыда кемелденген толық адам. Абайдың арманындағы толық адам дінмен дамып, дінмен жетіледі.
Ол: «Алла тағала – өлшеусіз, біздің ақылымыз – өлшеулі. Өлшеулімен өлшеусізді білуге болмайды. Біз Алла тағала «бір» дейміз, «бар» дейміз, ол «бір» демеклік те – ақылымызға ұғымның бір тиянағы үшін айтылған сөз. Болмаса ол «бір» демеклік те Алла тағалаға лайықты келмейді. Растың бір аты – хақ, хақтың бір аты – Алла, бұған қарсы қаруласқанша, мұны ұғып, ғадаләтпен тәптештеуге керек» дейді өзінің 38-қара сөзінде.
Хакім Абай Алланы тану, оның сипаттарын білу үшін ғылымды меңгер деді. Білімді болу арқылы ғана біз кемелдікке жетеміз.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ІІІ Республикалық имамдар форумында «Жеті рухани қазық» тұғырнамасын қабылдаған болатын. Мұсылманның тұла бойынан табылуы тиіс білімді болу мәселесін Жеті рухани қазықтың бірі ретінде енгіздік. Өйткені бүгінгі күш те, қуат та – білімде. Білімді адам ғана бәрін жеңбек. Қасиетті Құранның да алғашқы аяты «Оқы» деп түскен.
Абай асыл дінімізге тек адамгершілік тәрбие көзі ретінде қарап, осы мақсатта өзіне керегін алды. Кемеңгерге керегі – сену. Сенім бар жерде адамдық қасиет жоғалмайды. Осылардың бәрін толықтыра келгенде Абай хакім пендешілік мінезден арылуға, иманнан пайда алуға шақырады. Ал пайда алу жолдары қайсы? Ол үшін өз ақылың мен еңбегіңе сүйен деді. Өзгеге жақсылық ойла, шама-шарқыңша шапағатыңды тигіз! Адамдық, ізгілік деген осы. «Нәпсіге ерсең, Алланың мейірімінен құр қаласың – осыған илан», деген сөзінен көп нәрсені ұғынамыз.
Бір кездері еңбектерін аударған неміс ойшылы Гете: «Өзі үшін ғана еңбектенген адам азап шегеді. Басқалар үшін еңбек еткен адам олардың қуанышына ортақтасады» деген болатын. Осыны толықтырған Абай: «Өзің үшін еңбек қылсаң, өзі үшін оттаған хайуанның бірі боласың», деді. Бұдан артық теңеу таппаспыз. Құдай жолында жүру ол көпке пайдаңды тигізу деп түйіндеді. Міне, сан ғасыр бойы жеткен исламның да тірегі осы.
Дана ойшыл қазақтың әр баласын ұлтжанды азамат етіп тәрбиелеуге шақырды. Оның мұрасы – парасатты патриотизмнің мектебі, елдікті қадірлеудің негізі. Ол елді сынау арқылы төмендеткісі келмеді, керісінше биікке көтергісі келді. Ендеше, Абайды оқи отырып біз өзі айтқан «кәміл мұсылман» сипатына ие боламыз.
Абай – таусылмайтын терең тақырып. Біздің көзіміз жеткен екі анық бар: біріншісі – Абайдың діни көзқарастары бүгінгі жаһандану дәуірінде адастырмас бағдаршам іспетті. Бұл бүгінгі қоғамға ауадай қажет, екіншісі – Мұхтар Әуезов айтқан «Абайдың діні – сыншыл ақылдың, адамгершіліктің діні», деген тұғырлы тұжырым ешқашан да ескірмек емес.
Наурызбай қажы ТАҒАНҰЛЫ,
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы,
Бас мүфти
Өткен жылы 1600 отбасы солтүстікке қоныс аударды
Қазақстан • Бүгін, 18:50
Абақтыдағылар да коронавирусқа қарсы екпе алды
Аймақтар • Бүгін, 18:46
Халықты жұмыспен қамту қарқыны қандай?
Қоғам • Бүгін, 18:45
Бокстан жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпиондары анықталды
Спорт • Бүгін, 18:42
Жамбылдың домбырасы жауға шапқан
Өнер • Бүгін, 18:35
Президент еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөнінде кеңес өткізді
Президент • Бүгін, 18:07
Ақтауда «ИК» тобының кешін ұйымдастырған қонақүй иесіне айыппұл салынды
Аймақтар • Бүгін, 18:04
Зейнеткерді қатыгездікпен өлтірген жігіт сотталды
Қоғам • Бүгін, 18:03
Елтаңба мен прокуратура тақтайшасы қоқыс арасында жатыр
Қазақстан • Бүгін, 17:16
Қарасу ауданында 39 үйді су басты
Аймақтар • Бүгін, 17:12
Биылдан бастап 500 қазақстандық ғалым шетелде тағылымдамадан өтеді
Үкімет • Бүгін, 17:06
Astana IT university: Білім сапасынан цифрлы трансформацияға
Білім • Бүгін, 17:02
Атыраулық полицей пәтерге балкон арқылы кіріп, 7 жастағы қызды құтқарды
Аймақтар • Бүгін, 16:52
Вакцина салдырғандар қайтадан коронавирус жұқтыруда
• Бүгін, 16:36
Алматы облысында орман алқаптары өртенді
Экология • Бүгін, 16:10
Шәй қорапшасындағы телефон: Өскемендіктің айласы жүзеге аспай қалды
Қоғам • Бүгін, 16:06
Бүгін – экологиялық білім күні
Экология • Бүгін, 15:59
Партияның Петропавлдағы филиалы алдағы атқарар жұмысты нақтылады
Саясат • Бүгін, 15:58
Такси жүргізушісінен тапанша тәркіленді
Оқиға • Бүгін, 15:35
Нұр-Сұлтанда еңбек ұжымдарын жаппай вакциналау жүріп жатыр
Коронавирус • Бүгін, 15:34
Алакөлдің жағалауында құрылыс жұмыстары жүргізіледі
Экономика • Бүгін, 15:25
Үкіметте экономиканың креативті секторын дамыту мәселелері талқыланды
Үкімет • Бүгін, 15:23
ТЖМ: Елді мекендерді су басу қаупі азайды
Қазақстан • Бүгін, 15:16
Елордада тағы төрт мекеме жауапқа тартылды
Қоғам • Бүгін, 15:05
Түркия: Бір тәулікте 50 мың адамнның вирус жұқтырғаны анықталды
Әлем • Бүгін, 15:04
Түркістанда «Кітапханалық керуен – 30 ауылға» атты кітап фестивалі өтеді
Аймақтар • Бүгін, 14:50
Алматы хайуанаттар бағында екі қонжық дүниеге келді
Аймақтар • Бүгін, 14:48
Азия чемпионаты: Валентина Исламова мен Елмира Сыздықова финалға шықты
Күрес • Бүгін, 14:23
Есіл аңғарынан асып, қауіп төндіруде
Аймақтар • Бүгін, 13:50
Әбілхан Қастеев атындағы өнер мұражайында вакциналау пункті ашылды
Медицина • Бүгін, 13:31
Грузияда локдаунның орнына мемлекеттік демалыс жарияланды
Әлем • Бүгін, 12:50
Пандемия кезінде қанша қазақстандық шетелге көшті
Коронавирус • Бүгін, 12:47
Алматыда есірткі сатпақ болған екі азамат ұсталды
Қоғам • Бүгін, 12:30
Қарттар үйінің бухгалтері 10 млн теңге жымқырған
Аймақтар • Бүгін, 12:27
Павлодар облысында да балықтар қырылып қалды
Экология • Бүгін, 12:25
Руханият • Бүгін, 12:10
Нысана көздеуден халықаралық турнирдің жеңімпаздары анықталды
Спорт • Бүгін, 11:57
Павлодар облысында әйелдер монастырынан өрт шықты
Видео • Бүгін, 11:50
Қызылорда облысында 524 маман індетке қарсы екпе салдырды
Аймақтар • Бүгін, 11:45
Президенттің сынынан кейін министрлікте жол сапасы талқыланды
Қоғам • Бүгін, 11:37
Баландин мен Мусин Ақтөбедегі лицензиялық ел біріншілігінде топ жарды
Спорт • Бүгін, 11:29
Академик Төрегелді Шарманов сыйлығының І тоқсан қорытындысы шықты – ІІ тоқсанға өтінім беру басталды
Бағдарламалар • Бүгін, 11:18
Бензин жоқ: Оралда жанармай құю бекеттері жабылып жатыр
Аймақтар • Бүгін, 11:15
Балқашта жол апатынан полиция қызметкері көз жұмды
Оқиға • Бүгін, 11:10
Сот шешімін орындамаған азамат қамауға алынды
Аймақтар • Бүгін, 11:07
505 мыңнан астам қазақстандық вакцина салдырды
Қазақстан • Бүгін, 11:05
Азия чемпионаты: Бүгін және ертең біздің қыздар кімдермен күреседі?
Спорт • Бүгін, 10:56
Сенаторлар ЕАЭО-ның тізбесіне енгізілмеген өнімдерді реттейтін заң қабылдады
Парламент • Бүгін, 10:43
Қазақстанда тағы бір өңір «қызыл аймаққа» өтті
Коронавирус • Бүгін, 10:30
Қазақстанда кең ауқымды «Киік» акциясы басталды
Экология • Бүгін, 10:27
Ақмола облысында жедел жәрдем көлігіне оқ атылды
Видео • Бүгін, 10:17
Елімізде жұмыссыздық деңгейі өсті
Қоғам • Бүгін, 10:03
Қазақстандық вакцина әзірлеген ғалымдарға баспана беріледі
Қазақстан • Бүгін, 09:48
Өткен тәулікте тағы 2641 адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • Бүгін, 09:36
2002 адам коронавирустан емделіп шықты
Коронавирус • Бүгін, 09:32
Доллар қайтадан арзандай бастады
Қаржы • Бүгін, 09:22
Грек-рим күресінен Азияның үздіктері кім?
Спорт • Бүгін, 09:21
Сарыала қаздың қаңқылы естілді
Руханият • Бүгін, 08:51
Оқиға • Бүгін, 08:50
Өрт қауіпсіздікті сақтамағаннан шығады
Қоғам • Бүгін, 08:42
Ақмолалықтар Ақкөлге қарап бой түзейді
Технология • Бүгін, 08:40
Әлем • Бүгін, 08:33
Әлем • Бүгін, 08:30
Жергілікті өзін өзі басқаруды дамыту орталықтары
Оқиға • Бүгін, 08:26
Елорда маңындағы аумақтарды әуеден бақылады
Оқиға • Бүгін, 08:24
АҚШ әскерін алып кетуге асығар емес
Әлем • Бүгін, 08:16
Індеттің бетін вакцина қайтара ма?
Әлем • Бүгін, 08:14
Алтынқазған мен Қарақабақ Маңғыстау археологиясының үлкен жаңалығына жатады
Оқиға • Бүгін, 08:09
Руханият • Бүгін, 08:07
Ұқсас жаңалықтар