Біраз уақыттан бері көптеген шетелдік басылымдар Өзбекстанның өкілі Оксана Чусовитинаның Токио Олимпидасына қатысатыны жайында жарыса жазуда. Әрине БАҚ өкілдерінің осы оқиғаға ерекше қызығушылық танытып отырғанына біз еш таңданбаймыз. Өйткені Жапониядағы жарыс айтулы гимнасшы үшін сегізінші Олимпия ойындары болмақ. Әлемдік спорт тарихында ондай жайттар тым сирек кездеседі. Оның үстіне, келесі жылы Оксана Александровна 46 жасқа толады. Ал спорттық гимнастика сайыстарында өнер көрсетіп жүргендердің дені 20 жастың шамасындағы өрендер. Яғни Токиода оған өзінің баласынан да жасы кіші гимнасшылармен шеберлік байқасуына тура келеді.

Оксана Чусовитина 1975 жылдың 19 маусымында Бұхарада туып-өсті. Бүлдіршін кезінен спорттың осы түрін серік етіп, ауыз толтырып айтарлықтай табыстарға қол жеткізді. 16 жасында КСРО құрамасының сапына қабылданған ол халықаралық аренада өзін жақсы қырынан көрсете бастады. Чусовитина өзінің алғашқы Олимпиадасына 1992 жылы аттанды. 17 жасында ТМД құрамасы сапында командалық сайыста алтыннан алқа тағынып, «мәңгі тозбас» атақты иеленді. Одақ тарағаннан кейін Өзбекстанның намысын қорғады. 1996 жылы Атланта және 2000 жылы Сиднейдегі додаларда бақ сынады. Бірақ бұл жарыстарда оның жолы болмады.
2002 жылы Оксана Германияға қоныс аударды. Отанын тастап кетуінің де өзіндік себебі бар. Өйткені ұлы Әлішер лейкемияға шалдықты. Ал ондай дертті емдеуге Өзбекстанның медицинасы қауқарсыз еді. Сол себепті де олар неміс дәрігерлерінің көмегіне жүгінуге мәжбүр болды. Ем-домның құны 120 мың АҚШ долларын құрады. Ондай мөлшерде мол қаржыны қайдан табамын деп басы қатып отырғанда Чусовитина өзі өнер көрсетіп жүрген Кельн қаласындағы спорт клубы қамқор қолын созды. Олар қажетті ақшаны жинап берумен ғана шектеліп қалмай, Германия азаматтығын алуға көмектесті. Ал Оксананың өзі таңның атысынан күннің батысына дейін аурухана мен спорт залының ортасында шапқылап жүрді.
Ерең еңбек еш кеткен жоқ. Ұлы қатерлі дерттен айықты. Оксананың өзі байрақты бәсекелерде Германияның атынан сынға түсті. 2004 жылы Афины Олимпиадасында сәтсіздікке ұшырағанымен, 2008 жылы Бейжіңде бағы жанды. Аспанасты елінде 33 жастағы Чусовитина қолды тіреп жасалатын жаттығуда күміс медальды мойнына ілді. Басқа да дүбірлі додаларда неміс жанкүйерлерін қуаныш пен шаттыққа бөледі. 2012 жылы ол Лондонда алауы тұтанған Олимпия ойындарында бесінші орынға табан тіреді.
Германия құрамасы сапында үш Олимпиадаға қатысқаннан кейін Оксана Чусовитина еліне қайтуды құп көрді. Өзбекстанға оралғаннан кейін 2016 жылы Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өткен ғаламдық додада бақ сынады. Өзінің жетінші Олимпия ойындарында 41 жастағы өзбек гимнасшысы көңіл көншітерлік көрсеткішке қол жеткізе алмады. Осы жарыстан кейін Оксана үлкен спорттан қол үзуге бекінген еді. Алайда гимнастикаға дейін махаббаты оны тер исі мүңкіген залға қайта жетелеп әкелді. Ақырында ардагер спортшы Токио Олимпиадасында өнер көрсету мүмкіндігіне ие болды. Бүгінгі таңда барша БАҚ өкілдері, бапкерлер мен спортшылар, сан миллион жанкүйер Бұхараның тумасының бұл әрекетін көзсіз ерлікке балап отыр.
Олимпия ойындарынан бөлек, біздің бүгінгі кейіпкеріміздің басқа да жарыстарда жасындай жарқырағанын тілге тиек еткен абзал. Атап айтсақ, 1991-2011 жылдар аралығында өткен әлем чемпионаттарында 3 алтын, 4 күміс және 4 қола жүлдені олжалады. 1994-2018 жылдар аралығында ұйымдастырылған Азия ойындарында 2 алтын, 4 күміс және 2 қолаға қол созды. Еуропа чемпионы және сол жарыстың үш дүркін күміс жүлдегері деген атағы тағы бар.
Бүгінгі мақаламызда біз өзбекстандық гимнасшының жүріп өткен жолы мен бағындырған белестері жайында егжей-тегжейлі әңгімеледік. Алайда Олимпия ойындарына қатысудың саны жағынан Оксана Чусовитина рекордшы емес. Оның да алдын орайтын саңлақтар бар. Мәселен, ат спортының хас шебері Иан Миллар 10 бірдей Олимпиадада өз өнерін ортаға салды. Алғаш рет 1972 жылы Мюнхенде бой көрсеткенде ол 25 жаста еді. Соңғы рет канадалық саңлақ 2012 жылы Лондонда көпшіліктің алдына шықты. Ол кезде Иан ақсақал 65 жастан асқан еді. Сол аралықта Үйеңкі жапырақтар елі өкілінің бір рет қана жолы болды. 2008 жылы Бейжіңдегі бәсекеде Миллар командалық сайысты күміс медальмен қорытындылады. 2019 жылы 72 жасында үлкен спорттан қол үзген айтулы ардагер қазіргі кезде жастарды жаттықтырумен қатар, сәйгүлік аттарды баптауда.
Аустриялық Хуберт Раудшаль мен латвиялық Афанасий Кузьмин төртжылдықтың басты додасына тоғыз реттен қатысты. Алғашқысы – желкенді спортты серік етсе, екіншісі – құралайды көзге атқан мерген. 1964-1996 жылдар аралығында Раудшаль Олимпиаданың қос жүлдесін еншіледі. Анықтап айтсақ, ол 1968 жылы Мехикода және 1980 жылы Мәскеуде күміс медальды иеленді. Кузьмин 1976-1980 және 1988-2012 жылдар аралығында атой салды. 1988 жылы Сеулде алтын және 1992 жылы Барселонада күміс алды. Егер Кеңес Одағы 1984 жылы Лос-Анджелестегі ойындарға бойкот жарияламағанда онда Балтық жағалауы өкілі бақ сынаған Олимпия ойындарының саны 10-ға жетіп, ол Иан Миллармен теңесетін еді. Есесіне Латвия өкілінің 12 дүркін әлем чемпионы деген дардай атағы бар.
Сегіз Олимпиадаға қатысқан 10 спортшы бар. Олар – италиялық Пьеро Д’Инцео мен Раймондо Д’Инцео (ат спорты), Ұлыбритания мен Багам аралдарының намысын қорғаған Дарвард Ноулз (желкенді спорт), даниялық Пауль Эльвстрем (желкенді спорт), словениялық Раймонд Дебевец (нысана көздеу), ГФР мен Италияның өкілі Йозефа Идем (ескек есу), перулық Франсиско Боса (нысана көздеу), канадалық Лесли Томпсон (академиялық есу), КСРО мен Грузияның мергені Нино Салуквадзе (нысана көздеу) және Нориаки Касай (шаңғымен трамплиннен секіру). Бір қуанатын жайт, жоғарыда есімдері аталған саңлақтардың бірде-біреуі Олимпиададан құр қол қайтқан емес. Ең нашар өнер көрсетті деген спортшының қоржынында кемінде бір медальдан бар. Ал осылардың арасынан ең жақсы нәтиже Пьеро Д’Инцео мен Раймондо Д’Инцеоға тиесілі. Ағайынды италиялық ат спортының өкілдері 1948-1976 жылдар аралығында алты мәрте (2 күміс+4 қола) жеңіс тұғырына көтерілді.
Көне мұралар цифрлық форматта жаңа тыныс ашуда
Өнер • Бүгін, 21:25
ШҚО-да қару сақтау тәртібін бұзған 6 мекемеге айыппұл салынды
Аймақтар • Бүгін, 21:00
Пробация қызметінде есепте тұрғандар қоғамдық жұмысқа тартылды
Аймақтар • Бүгін, 20:30
Алматыда құрылысшылар құқын қорғауға арналған кеңес өтті
Аймақтар • Бүгін, 20:06
Павлодар облысында халық саны азайған
Аймақтар • Бүгін, 19:35
Жапония келесі айдан бастап Олимпиада спортшылары үшін шекараны ашуы мүмкін
Әлем • Бүгін, 18:44
Қырғызстан Президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді
Саясат • Бүгін, 18:20
ШҚО-да биыл 70 чернобыльдық санаториялық-курорттық ем алады
Аймақтар • Бүгін, 18:00
Алматыда әлеуметтік қор пәтерлерінің құны көтерілмейді
Аймақтар • Бүгін, 17:20
Александр Недовесов жұптық сында Нұр-Сұлтан турнирінің жеңімпазы атанды
Спорт • Бүгін, 16:48
Ақтөбе облысының Алға ауданына жаңа әкім тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 16:27
Қостанай облысында жоғалған жылқышы 6 күннен кейін табылды
Аймақтар • Бүгін, 16:11
Армениядан әкелінген көліктерді тіркеу мерзімі тағы 1 жылға ұзартылды
Қазақстан • Бүгін, 15:55
Шекара қызметі «Қарасу» өткізу пунктінде контрабандалық жүкті ұстады
Қазақстан • Бүгін, 15:44
Сенаторлар ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының сессиясына қатысты
Парламент • Бүгін, 14:26
Ақпарат министрі кәсіби журналистиканы дамыту жоспарымен бөлісті
Қоғам • Бүгін, 13:14
Ақпаратқа мемлекеттің түбегейлі монополиясы жоқ – Аида Балаева
Қоғам • Бүгін, 12:56
Азаматтық ұйымдар жеке бастың емес, қоғам игілігі үшін қызмет етеді - Аида Балаева
Қоғам • Бүгін, 12:53
«Қазақстан» телерадиокорпорациясы «Мың алғыс» қайырымдылық телемарафонын өткізеді
Қазақстан • Бүгін, 12:45
Ақмола облысындағы мектеп асханаларының жұмысына рұқсат берілді
Аймақтар • Бүгін, 12:35
Сенатор Күрішбаев сауда орталықтары үшін алдын-ала белгіленген бағалардың дұрыстығына күмәнданады
Парламент • Бүгін, 12:15
Экономика • Бүгін, 11:45
Алматыда 452 көпбалалы отбасы баспанамен қамтылады
Аймақтар • Бүгін, 11:04
10 қалада атмосфералық ауаның ластану индексі жоғары
Экология • Бүгін, 10:33
Өлтіріп кеткен: Алматы облысында пәтерден 3 адамның мәйіті табылды
Аймақтар • Бүгін, 10:00
Еңбек министрлігі зейнетақы ақшасына автокөлік сатып алу туралы ұсынысқа жауап берді
Экономика • Бүгін, 09:45
Қожа Ахмет Ясауи шежіресінің бір үлгісі мен мөрі табылды
Руханият • Бүгін, 09:20
Қала шетіндегі дүкенге қарақшылық жасаған адам ұсталды
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Атырауда 33 медицина қызметкері марапатталды
Аймақтар • Кеше
Жамбыл мұрасы – ұлт руханиятының айнасы
Аймақтар • Кеше
Корабльдерді күзету мен қорғау бойынша оқу-жаттығу өтті
Аймақтар • Кеше
ШҚО-да алты мекеме қару сақтау тәртібін бұзған
Аймақтар • Кеше
Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойы басталды
Фотогалерея • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Президент • Кеше
Алматыда Терісбұлақ өзені кәріз суларынан тазартылды
Аймақтар • Кеше
Ауа райына байланысты бірнеше облыста ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Ақмола облысында 3 мың адамға жеткілікті дәрі-дәрмек қоры бар
Медицина • Кеше
Қызылордада карантин талаптарын сақтамаған түнгі клуб анықталды
Аймақтар • Кеше
Атырауда полицияға 840 әйелден шағым түскен
Аймақтар • Кеше
Тарбағатай ауданында кен байыту комбинаты салынады
Аймақтар • Кеше
Грек-рим күресінен ел біріншілігі аяқталды
Күрес • Кеше
Илон Маск бір тәулікте біраз байлығынан айырылды
Әлем • Кеше
Жандарбек Бекшин алматылықтарға үндеу жолдады
Аймақтар • Кеше
Футзал: Беларуське қарсы ойнаймыз
Спорт • Кеше
Биыл 8 мың алматылықты баспанамен қамту жоспарлануда
Аймақтар • Кеше
Түркістанда «Кәсіпкерлік қырандары» жобасы бастау алды
Аймақтар • Кеше
Шымкенттегі медицина қызметкерлерінің еңбекақысы өсті
Аймақтар • Кеше
Қазақстандықтардың несиесі 7,6 трлн теңгеге жетті
Қаржы • Кеше
Ұқсас жаңалықтар