Қоғам • 11 Тамыз, 2020

Екпені өздеріне салдырды

210 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

COVID-19-ға қарсы қазақ­стан­дық вакцинаны әзір­леу­ші жеті ғалым вируспен жұ­мыс іс­те­ген кезде қауіпсіздікті қам­­та­масыз ету үшін ерікті түр­де вирусқа қарсы вакцина салдырды. Вакцина Ғылым ко­ми­тетінің Био­ло­гиялық қауіп­сіз­дік мәсе­ле­лері ғылыми-зерт­теу инс­ти­ту­тын­­да әзірленді.

Екпені өздеріне салдырды

– Ғалымдардың жағдайы жақсы, олар өз жұмыстарын жалғастыруда, – деп мәлімдеді Биологиялық қауіп­сіз­дік мәселелері ғылыми-зерттеу институтының директоры Күнсұлу Зәкәрия.

Белсендірілмеген вакцинаның кли­никаға дейінгі сынақтарының нәти­желері дәрілік заттарды сараптау жөніндегі Ұлттық орталыққа сараптамалық жұмыстар жүргізу үшін жіберілді. Сараптамалық жұ­мыс­тар шамамен тамыздың ортасында аяқталады. Денсаулық сақтау министрлігінің рұқсатын алғаннан кейін қыркүйек айында Алматы қала­сын­дағы клиника базасында коро­навирусқа антиденелері жоқ 18 жастан 50 жасқа дейінгі 44 еріктінің қатысуымен клиникалық сынақтардың бірінші кезеңі басталады деп күтілуде. Вакцина салғаннан кейін олар 42 күн бойы бақылауда болады. Қазан айының ортасында клиникалық сынақтардың екінші кезеңін бастау жоспарланып отыр, ол 2020 жылдың желтоқсанында аяқталуы тиіс.

Кандидаттық вакциналардың кли­ни­калық сынақтары оң нәтиже берген жағдайда Жамбыл облысы Отар кентіндегі Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу инс­титуты жанынан салынып жатқан био­фар­мацевтикалық зауыт базасында қазақстандық вакциналар өндірілетін болады. Зауыт халықаралық стандартқа сай иммунобиологиялық дәрілік препараттарды, оның ішінде қазіргі уақытта қазақстандық ғалымдар кли­ни­каға дейінгі сынақтарымен айналысып жатқан COVID-19-ға қарсы вак­циналарды шығарады деп жоспарланып отыр.

Еске сала кетсек, қазақстандық ғылыми-зерттеу институтының коронавирус инфекциясына қарсы екі кандидаттық вакцинасы Дүниежүзілік ден­саулық сақтау ұйымының тізімі­не енгізіліп, клиникаға дейінгі сынақ­тар­дан сәтті өтіп жатыр. COVID-19-ға қарсы екінші вакцина ДДҰ сайтында 31 шілдеде кандидат ретінде тіркелген.

Ғылым комитеті Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының денсаулық сақтау үшін аса қауіпті инфекцияларға қарсы вакциналар әзірлеудегі жұ­мыс тәжірибесі мол. Алғашқы белсен­ді­ріл­меген қазақстандық вакцина ДДҰ сайтында 15 мамырда тіркеліп, бүгінде клиникаға дейінгі сынақтардан сәтті өтуде.