Келмеске кеткен Кеңес Одағының жер-жебіріне жетіп, игілігімізді рұқсатсыз иемденген мәскеулік ұлықтарды жеті атасына дейін қарғап-сілеп, бар кінәні де, бар күнәні де солардан көріп, жанымызды жұбатып келгенімізге де отыз жылға жуықтапты. Яғни тәуелсіздік алғанымызға осыншама жыл. Бұрынғыдай бар байлығыңды тартып алатын орталық жоқ, кадрлық саясатқа да Мәскеу араласа алмайды. Қысқаша қайырғанда, төл мемлекетіңе өзің би, өзің қожасың...

Құдайға шүкір, еліміз тәуелсіздік алғалы ортамыз толыса түсті, халқымыздың саны да біртіндеп артып келеді. Атажұртқа бет бұрған көш-керуеннің арқасында алыстан келген ағайындар айбынымызды асырып, алаш ұрпағының саны Қазақстанда 70 пайыздан асты. Ширек ғасыр ішінде тілдік орта да оң өзгеріске ұшырап, ана тілін ардақтайтындардың есебінен қазақ тіліндегі мектептер көбейіп, колледждер мен жоғары оқу орындары мемлекеттік тілде «сөйлей бастады». Соған сәйкес ұлттық кадрлар да билік тізгініне ие бола бастады. Қазақ елін қазақтар ғана басқарады: басшысынан қосшысына дейін. Олай болса, мемлекеттің тасы неге өрге домалап, халықтың қыруар байлығын елдің өз игілігіне жаратуға не кедергі болып отыр? Жерінің асты-үсті байлыққа толы мемлекетті дәулетті, демократиялық елдер қатарына қосу үшін отыз жыл аз мерзім бе? Аз мерзім дейін десең, басқаларға қарайсың да таңғаласың. Кеше ғана бір Одақтың шаңырағы астында болған Балтық бойы елдері бізден оқ бойы озық кетіпті. Соншалықты байлығы болмаса да. Алақандай Грузия да еңсесін тіктеп, басқаларға алақан жаюдан құтылуға таяу көрінеді. Қазақ елінің жан-жақты өрістеуіне, байлығын тиімді қажетіне жаратуына кедергі болып отырған не сонда? Жемқорлық!!!
Сыбайлас жемқорлыққа қатысты заңды бұрынғы кеңестік кеңістік аумағында алғашқылардың қатарында қабылдадық деп қалың көпшіліктен сүйінші сұрады биліктегілер. Сөйтсе, мәселе заңды қабылдаумен іс бітпейтін көрінеді. Заң жұмыс істеуі керек екен. Біздің заң солқылдақ болып шықты. Орындалуы нашар. Азусыз. Заң қабылданғаннан бері ерегіскендей сыбайлас жемқорлық үдей түскен тәрізді. Әу басында 5 мың теңгеден басталған «құлқынның құны» бүгінде миллиардқа ұласты.
Кеңестік кездегідей елге жаны ашымайтын сырттан келген кадрлар емес, билік басында осы жерде туған, өсіп-өнген жандар ғой. Олардың туған халқына, төл мемлекетіне жаны ашыса керек-ті. «Елдегі жемқорлар ұлт жағынан кім десек – қазақтар. Шын мәнісінде, біз бүгін өзін-өзі ұрлап, тонайтын ұлтқа айналып барамыз. Басқа ұлттың өкілдері: «Қазақстанда тұратын қазақтар, сендер бірінші жемқорсыңдар, билікке ұлтың үшін, халқың үшін келген жоқсыңдар, баю үшін келдіңдер!» десе, бұл сөздің жаны бар» деген еді ұлт қайраткері Амангелді Айталы. Ащы да болса ақиқат. Құқық қорғау органдарының қоржынындағы сыбайлас жемқорлыққа қатысты деректер қайраткердің осы тұжырымын айғақтай түсетіні сөзсіз. «Сенген ерім сен болсаң» деген осы да...
Қазақ болмысын шебер бейнелейтін жазушы Бейімбет Майлинше сөз қайырар болсақ, соңғы кездері «Өз құлқыны үшін қандай болса да сатып кете беретін жігіт» қатары көбейіп барады. Көбейгені соншалық, ендігі жерде құлқыны зорлар миллиондарды қойып миллиардтарды қиналмай жұтатын болды.
Әлемдегі сыбайлас жемқорлықты елеп-екшеп отыратын The Corruption Perceptions Index атты ұйым бар. Іргелі ұйымның индекс шкаласы 0-ден (жемқорлықтың ең жоғары деңгейі) басталып, 100-ге (жемқорлықтың ең төменгі деңгейі) мемлекеттік сектордағы жемқорлық деңгейінің қанат жаюы негізінде есептеледі. Ұйымның 2019 жылы жүргізген зерттеуінің нәтижесіне ден қояр болсақ, билігі жемқорлықтан ада елдердің көш басында Дания мен Жаңа Зеландия тұр (87). Одан кейінгі орында Финляндия (86). Мемлекеттік органдары жемқорлық жайлаған елдер арасында Қазақстан 180 мемлекеттің ішінде 114-орында (34). Біз жоғарыда тілге тиек еткен бұрынғы одақтас республикалар Литва (37-орын), Грузия (46-орын), Латвия (47-орын). Осылайша озық 30 елдің қатарынан көрінуге ұмтылған Қазақстан керенау кеңселерде жемқорлық белең алғандардың ортасынан ойып тұрып орын алыпты. Жемқорлықты ауыздықтамай, «отыздыққа» енудің ауылы алыс екені белгілі.
Кеңестік кезеңде коммунизм идеясына құлшылық еткендердің орнын бүгінде, еліміз азаттық алған тұста құлқынға құлшылық жасайтындар иеленді. Құлқынға емес, Аллаға құлшылық жасайтын болса, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) «Уаллаһи, сіздерден біреуіңіз алуға ақысы жоқ бола тұра бір нәрсені (пара) алса, қиямет күні Алланың алдына соны жүктеп барады» дегенін жадына тоқыр еді ғой...
Ерболат Досаев теңгенің әлсіреу себебін түсіндірді
Қаржы • Бүгін, 13:05
Айгүл Соловьеваға жауапты қызмет жүктелді
ANTIKOR • Бүгін, 13:03
Тағы бір әкім жолдарға байланысты сөгіс алуы мүмкін
Аймақтар • Бүгін, 13:02
Екі облыс әкімінің орынбасарлары қатаң сөгіс алды
Аймақтар • Бүгін, 12:49
Ғылым апталығы білім берудегі жаһандық трендтерді талқылаумен басталды
Білім • Бүгін, 12:47
Юрий Гагариннің өліміне қатысты болжам айтылды
Әлем • Бүгін, 12:46
Ресейде Жамбыл Жабаевқа арналған кітап көрмесі ашылды
Әдебиет • Бүгін, 12:37
Вакцина салдырса ораза бұзыла ма?
Медицина • Бүгін, 12:35
Елімізде бір апта ішінде 3 295 қылмыс жасалды
Қоғам • Бүгін, 12:23
Қазақстанның барлық өңірінде жоғары инвестициялық белсенділік сақталып отыр - Әсет Ерғалиев
Экономика • Бүгін, 12:23
Алматыда уағыз-насихат жұмыстары онлайн өтеді
Аймақтар • Бүгін, 12:05
2021 жылдың I тоқсанында ел экономикасы тұрақты өсім көрсетті
Экономика • Бүгін, 11:27
Astana IT university: Білім сапасынан цифрлы трансформацияға
Білім • Бүгін, 11:25
А. Мамин вакциналау кестесінің орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды
Үкімет • Бүгін, 11:23
Қостанайға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жұмыс тобы келді
ANTIKOR • Бүгін, 11:19
Қазақстанда эпидемиялық ахуал нашарлады
Коронавирус • Бүгін, 11:18
МӘМС: 2025 жылға қарай қымбат медициналық қызметтер қаржыландырылады
Медицина • Бүгін, 10:58
Мемлекет басшысының апталық жұмысына бейне шолу
Видео • Бүгін, 10:55
Бүгін - Қаныш Сәтбаевтың туғанына 122 жыл
Қоғам • Бүгін, 10:34
Nur Otan-ның бақылау комитеті жаңа құраммен толықты
Қоғам • Бүгін, 10:24
Қазақстанның 8 өңірі «қызыл аймақта» тұр
Коронавирус • Бүгін, 10:07
Қай қалаларда вакцина сауда орталықтарында салынып жатыр?
Медицина • Бүгін, 10:00
Шымкентте 7 жастағы қызды автобус қағып кетті
Аймақтар • Бүгін, 09:55
Биыл күзге дейін 10 миллионға жуық адам вакцина алады
Коронавирус • Бүгін, 09:50
Мүгедектер мен асыраушысынан айырылғандарға 97 млрд теңгеден астам жәрдемақы төленді
Қоғам • Бүгін, 09:34
Юлия Путинцева үздік теннисшілер қатарына кірді
Спорт • Бүгін, 09:26
12 cәуірге арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 09:25
Еліміздің үш қаласында ауа сапасы нашарлайды
Ауа райы • Бүгін, 09:20
Коронавирус жұқтырған 569 адамның жағдайы ауыр
Коронавирус • Бүгін, 09:06
608 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты
Коронавирус • Бүгін, 08:57
Руханият • Бүгін, 08:52
Руханият • Бүгін, 08:50
Оқиға • Бүгін, 08:48
Сананы өзгертудің тиімді тетігі
Руханият • Бүгін, 08:36
Алматыда Азия чемпионаты өтеді
Спорт • Бүгін, 08:32
Тарихи жерлердің тағылымы бөлек
Руханият • Бүгін, 08:30
Докторантураға түсу ережелеріне өзгертулер енгізілді
Білім • Бүгін, 08:28
Теннис • Бүгін, 08:11
Аграрлық ғылымсыз алға баспаймыз
Ғылым • Бүгін, 08:09
Сәтбаев университетінің ертеңі
Ғылым • Бүгін, 08:06
Футбол • Бүгін, 08:06
Рухы биік ел ешқашан жеңілмейді
Руханият • Бүгін, 08:05
Әлия Оспанова: Қазақ ғалымдарына қолдау көрсетеміз
Ғылым • Бүгін, 08:04
Спорт • Бүгін, 08:04
«Керуенсарай» – ең ірі туристік кешен
Оқиға • Бүгін, 08:02
Ғылым • Бүгін, 08:01
Ел болып жұмылмасақ, еңсеруіміз екіталай міндет
Саясат • Бүгін, 07:59
Этносаяси сауаттылық әркімге қажет
Саясат • Бүгін, 07:53
Хромтауда үйде жарылыс болып, 7 адам зардап шекті
Аймақтар • Кеше
Батырмұрзаев алтын, Дәулетбеков қола алды
Күрес • Кеше
Қазақстан • Кеше
Музей қоры құнды картиналармен толықты
Өнер • Кеше
Ұлттық жаңғыруға жол ашқан бағдарлама
Қазақстан • Кеше
Аймақтар • Кеше
Өзгелерді тамсантсақ өнерменен
Өнер • Кеше
Руханият • Кеше
Ғылым мен «жасыл экономика» симбиозы
Ғылым • Кеше
Ғылым – қоғамды дамытудың қайнар көзі
Ғылым • Кеше
Қазақстан • Кеше
Азаттық үшін күрестің бір айғағы
Тарих • Кеше
Белгілі сәулетші Бақытжан Әшірбаев дүниеден өтті
Оқиға • Кеше
Үш мың литрден астам контрафактілік алькоголь тәркіленді
Аймақтар • Кеше
Ақтөбеде көпқабатты тұрғын үйден өрт шықты
Оқиға • Кеше
Құдалық өткізген мақтааралдық жауапқа тартыла ма?
Аймақтар • Кеше
Ақтөбедегі шошқа фермасының басшысы тергеуге алынды
Аймақтар • Кеше
Елорда әкімі азаматтарды қабылдады
Елорда • Кеше
Ұқсас жаңалықтар