Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі жалпы соммасы 400 миллион теңгеден астам қаражатқа Ертіс жағалауын жөндеуді мойнына алған екен.

Жыл басында Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай еліміздің қалалары мен облыстары Семей қаласына тарту жасап, шаһарды абаттандыруға үлес қосатыны жайлы жар сала айтылған-ды. Бұған семейліктер ерекше қуанған. Алайда елдегі карантин бұл іске қолбайлау болған секілді. Осыдан екі-үш күн бұрын әлеуметтік желілерде Нұр-Сұлтан қаласы, Қарағанды, Ақмола, Қызылорда облыстары Семейге көмек көрсетуден бас тартқаны туралы ақпарат тарады. Мәселен, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі жалпы соммасы 400 миллион теңгеден астам қаражатқа Ертіс жағалауын жөндеуді мойнына алған екен.
Әзірге уәдесінен таймаған жалғыз өңір – Алматы облысы. Алматы облысы Семейдегі Әуезов пен Селевин көшелерінің қиылысынан ет комбинатына дейінгі аумақта «Абай жолы» жаяу жүргіншілер аймағын салуды өз мойындарына алған екен. Семей ақпараттық орталығы таратқан мәліметтерге сүйенсек, Алматы облысы қазіргі таңда жұмыстың 80 пайызын аяқтаған. Жоспарға сәйкес нысанды тапсыру қыркүйек айына жоспарланған. «Алматы облысы жұмыстардан бас тартқан жоқ және барлығын мерзімінде орындайды. Біз «Абай Жолы» нысанын салып жатырмыз. Құжат бойынша жұмыстар 18 қыркүйекте аяқталуы тиіс. Осы уақытқа дейін бәрі дайын болады, үлгереміз» дейді жұмыс өндірісінің жетекшісі Рафаил Хазипов.
Айта кетейік, жалпы құны 600 миллион теңгеден асатын «Абай жолы» жобасы ұзындығы 2100 метрді құрайтын жаяу жүргіншілер көшесі мен ұзындығы 1600 метрлік веложолдан тұрады. Мұнда күзде мыңға жуық ағаш отырғызу жоспарланған. Сонымен қатар көше бойына Абайдың сөздері жазылған жеті стела орнатылмақ.
СЕМЕЙ
Президенттің БАҚ саласындағы сыйлықтары мен гранттары табысталды
Президент • Бүгін, 12:51
Президент АХҚО басқарушысы Қайрат Келімбетовті қабылдады
Президент • Бүгін, 12:10
Мемлекет басшысы БАҚ саласындағы сыйлықтар мен гранттарды беру туралы өкімге қол қойды
Президент • Бүгін, 11:33
Елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны артты
Коронавирус • Бүгін, 10:20
Ақтөбе облысында 6 ірі су қоймасы салынады
Аймақтар • Бүгін, 09:18
Алматы әкімдігінің құрылымы өзгерді
Аймақтар • Кеше
Оқиға • Кеше
«Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі AMANAT медиа сыйлығын иеленді
Егемен Қазақстан • Кеше
Мәдениет қызметкерлерінің жалақысы өседі
Қоғам • Кеше
Тоқаев Си Цзиньпин ұсынған Жаһандық қауіпсіздік бастамаларын қолдады
Президент • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев инфляцияның өсуі өзекті мәселе екенін атап өтті
Президент • Кеше
Ұлттық банк рубльдің нығаю себебін түсіндірді
Экономика • Кеше
Петропавлда Қазақстан полициясының құрдасы қызмет етеді
Аймақтар • Кеше
Парламент • Кеше
ШҚО тұрғындарынан мина мен қару тәркіленді
Аймақтар • Кеше
Бүгін әлемде 400 мыңға жуық адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • Кеше
Президент ФИДЕ-нің ең жас чемпионы Малика Зиядинді құттықтады
Президент • Кеше
Антикор Нұрлан Мәсімов туралы мәлімет үшін сыйақы жариялады
ANTIKOR • Кеше
Аймақтар • Кеше
Екібастұз тұрғыны есірткімен ұсталды
Аймақтар • Кеше
Футболдан Қазақстан құрамасы ФИФА рейтингінде көтерілді
Футбол • Кеше
АрселорМиттал Теміртаудағы апатқа жұмыс беруші кінәлі - комиссия
Қазақстан • Кеше
Алматыда жоғалған жасөспірім өлі табылды
Оқиға • Кеше
Еуропада коронавирус жұқтырғандардың саны артты
Коронавирус • Кеше
Әлем • Кеше
Ұқсас жаңалықтар