Спорт • 12 Тамыз, 2020

Трансферлік терезе жабылды. Кімде қандай өзгеріс бар?

954 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

10 тамызда Қазақстанда футболдан жазғы трансферлік терезесі ресми түрде жабылды. Алғашқыда пандемияға байланысты бұл трансферде көп өзгерістер бола қоймайды деп болжанған еді. Алайда қысқа мерзім ішінде ауыс-түйіс қыза түсті. Тіпті елімізге еуропаның ТОП-5 чемпионатында өнер көрсеткен футболшылар да келіп үлгерді. Назарларыңызға трансферлік кезеңдегі өзгерістерді ұсынамыз.

Трансферлік терезе жабылды. Кімде қандай өзгеріс бар?

Чемпиондар лигасы қарсаңында елордалық командадан Сергей Малый «Тобылға» ауысқаннен кейін «Дінмұхамед Кәшкенке негізгі құрамнан орын бұйырды» деп қуанғанымыз көпке созылмады. «Астана» өз қатарларына дереу шетелден қорғаушы іздепті. Оны тапты да. Ол – сербиялық Урош Радакович. Тағы да «...вич» қосылды. Радакович Сербияның «Пролетер», Италияның «Болония», Чехияның «Сигма» және Ресейдің «Оренбург» командасында доп тепкен. Бір қуанарлығы, бұл легионер Чехияның «Спарта» клубынан жыл соңына дейін жалға алыныпты.

Былтыр Ресейдің «Уфа» клубынан «Қайратқа» ауысып келген Еркебұлан Сейдахмет енді Талдықорғанның «Жетісу» командасына жалға берілді. Неге? Себебі көп. Біріншіден, «Қайраттың» сапында негізгі құрамнан көп шыға бермеді. Екіншіден, командаға атақты Вагнер Лав келгеннен кейін оның қосалқы құрамда қалып қоятыны белгілі болған. Сондықтан алаңда көбірек тәжірибе жинақтау үшін «Қайрат» басшылары дұрыс шешім қабылдаған сияқты.

Сол сияқты «Тобыл», «Қайсар», «Шахтер» командалары өз қатарларын күшейткен көрінеді.

Клуб атауы

Келді

Кетті

«Қайрат» Алматы

Бас жаттықтырушы:

Алексей Шпилевский (Беларусь)

 

Вагнер Лав (Бразилия) «Коринтианс» (Бразилия)

Еркебұлан Сейдахмет «Жетісу»

«Астана» Нұл-Сұлтан

Бас жаттықтырушы:

Михал Билек (Чехия)

Урош Радакович (Сербия)

«Спарта» (Чехия)

Сұлтан Сағынаев «Каспий»

Рамазан Кәрімов «Каспий»

Дінмұхамед Кәшкен «Кайсар»

Сергей Малый «Тобыл»

Фирмин Мубеле (Франция)

«Тобыл» Қостанай

Бас жаттықтырушы:

Григорий Бабаян

Сергей Малый «Астана»

Карлос Фонсека (Португалия) «Ертіс»

Жереми Манзорро (Франция) «Шахтер»

Стивен Эзе (Нигерия)

Лука Зарандия (Грузия) «Зюльте-Варегем» (Бельгия)

«Шахтер» Қарағанды

Бас жаттықтырушы:

Константин Горовенко

 

Еркін Тапалов «Каспий»

Сослан Такулов (Ресей) «Слуцк» (Беларусь)

Руслан Мингазов (Түрікменстан) «Ертіс»

Айдос Тәттібаев «Каспий»

Алию Абубакар (Нигерия) «Оқжетпес»

Еркебұлан Нұрғалиев «Каспий»

Жереми Манзорро (Франция) «Тобол»

Бауыржан Тұрысбек «Тараз» 

«Кайсар» Қызылорда

Бас жаттықтырушы:

Стойчо Младенов (Болгария)

Александр Заруцкий «Ертіс»

Дінмұхамед Кәшкен «Астана»

Тимур Рудосельский

Александр Станисавлевич (Сербия) «Каспий»

Елжас Алтынбеков «Жетысу»

Тимур Рудосельский

 

«Тараз» Тараз

Бас жаттықтырушы:

Владимир Никитенко

 

Бауыржан Байтана

Бауыржан Тұрысбек «Шахтер»

Серж Ньюадзи (Франция) «Каспий» 

 

Нилс Цатл (Аустрия)

«Жетісу» Талдықорған

Бас жаттықтырушы:

Дмитрий Огай

Еркебұлан Сейдахмет «Қайрат»

Георги Пашов (Болгария)

Елжас Алтынбеков «Қайсар»

«Кызыл-Жар СК» Петропавловск

Бас жаттықтырушы: 

Вячеслав Руснак (Молдова)

Пабло Подио (Аргентина) 

 

Тамаз Цецхладзе (Грузия)

Бақдәулет Қожабаев 

«Каспий» Ақтау

Бас жаттықтырушы:

Срджан Благоевич (Сербия)

Рафкат Аслан «Ертіс»

Кирилл Шестаков

Арман Нүсіп «Ертіс»

Еркебұлан Нұрғалиев «Шахтер»

Божан Ковачевич (Сербия) «Пролетер» (Сербия)

Карам Султанов «Сумгаит» (Әзірбайжан)

Сұлтан Сағынаев «Астана»

Тарас Бондаренко (Украина) «Каспий»

Еркін Тапалов «Шахтер»

Александр Станисавлевич (Сербия) «Кайсар»

Рамазан Кәрімов «Астана»  

Айдос Тәттібаев «Шахтер»

Серж Ньюадзи (Франция) «Тараз»

«Оқжетпес» Көкшетау

Бас жаттықтырушы:

Андрей Карпович

 

Алию Абубакар (Нигерия) «Шахтер»

Григорий Сартаков «Ертіс»

Дмитрий Шмидт «Ертіс»

Тарас Бондаренко (Украина) «Каспий»

Андрей Мищенко (Украина)