Ольга Перепечина бұл орында бұған дейін де болған. Мамандығы – экономист. Талай жыл қаржы саласында еңбек еткен маман.
Сайлау карантинге байланысты санитарлық талаптарға сай өтті. Жергілікті деңгейдегі депутаттар онлайн тіркеуден өтіп, араларында әлеуметтік қашықтық сақталды. Комиссия төрағасының айтуынша, ешқандай заң бұзушылық анықталмаған.
"Протокол бойынша екі бюллетень жарамсыз болып шықты. 23 депутат Могунова Донголе Антонасовнаға дауыс берді. 162 депутат Перепечина Ольга Валентиновнаға дауыс берді", - деді облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Ерболат Бекшенов.