Спорт • 13 Тамыз, 2020

Даңқты баскетболшы 61 жасқа толады

333 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әлемдік баскетболдың жарқын жұлдызы, Олимпиада чемпионы, өзінің спорттық карьерасында талай рекордық көрсеткішке қол жеткізген Ирвин "Мэджик" Джонсон 14 тамызда 61 жасқа толады, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Даңқты баскетболшы 61 жасқа толады

"Сиқыршы" атанған айтулы азамат АҚШ-тың Мичиган штатында дүниеге келді. 1979-1991 жылдар аралығында Джонсон тек бір ғана клуб – «Лос-Анджелес Лейкерстің» намысын қорғады. Айтулы командамен бірге талай толағай табысқа қол жеткізді. Атап айтсақ, бес рет Ұлттық баскетбол қауымдастығының (ҰБҚ) жеңімпазы атанып, үш рет ең құнды ойыншыға тиесілі арнайы сыйлықты иеленді. 12 рет "Жұлдыздар матчына" қатысып, 10 мәрте ҰБҚ-ның шартты құрамасына енді. 1992 жылы АҚШ құрамасы сапында Барселона Олимпиадасының жеңімпазы атанды. Басқа да толып жатқан жүлделері тағы бар.

 Шамамен дәл сол кездері "Мэджиктің" СПИД-ке шалдыққаны анықталды. Жайсыз хабардан құлағдар болған ол әуелде спортпен қош айтысатынын мәлімдеген еді. Десек те даңқты баскетболшы тағдырдың жазғанына мойынұсынған жоқ. Қатерлі дертпен аянбай күресіп, батылдық пен жанқиярлықтың шынайы үлгісін көрді. СПИД-ке шалдыққан адамдарға қамқор қолын созып, көптеген игі шаралардың басы-қасында жүрді. 1996 жылы ойын алаңына қайта оралып, сол маусымда өзінің сүйікті командасының сапында өнер көрсетті.