Қазақстан • 13 Тамыз, 2020

Орталық комиссия Сенат сайлауының соңғы қорытындысын жариялады

205 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясының отырысында ҚР Парламенті Сенатының депутаттарын сайлаудың қорытындылары жарияланды, - деп хабарлайды Egemen.kz

Орталық комиссия Сенат сайлауының соңғы қорытындысын жариялады

Дауыс беру күнінің қорытындысы бойынша ҚР Парламенті Сенатының депутаттары болып мына адамдар сайланды:

Ақмола облысынан – Бекенов Нұрлан Жексембайұлы, 1961 жылы туған, Ақмола облысы бойынша Тексеру комиссиясының төрағасы;

Ақтөбе облысынан – Қаниев Бауыржан Нұралыұлы, 1958 жылы туған, Ақтөбе облысы Шалқар ауданының әкімі;

Алматы облысынан – Дүйсембинов Сұлтан Мырзабекұлы, 1959 жылы туған, Алматы облыстық мәслихатының хатшысы;

Атырау облысынан – Лұқпанов Сағындық Есенғалиұлы, 1960 жылы туған, «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.» ЖШС басқарушы директоры-басқарма мүшесі;

Шығыс Қазақстан облысынан – Булавкина Ольга Александровна, 1972 жылы туған, Бородулиха ауданының әкімі;

Жамбыл облысынан – Орынбеков Бекболат Серікбекұлы, 1957 жылы туған, Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары;

Батыс Қазақстан облысынан – Рысбекова Ләззәт Тұяқбайқызы, 1976 жылы туған, «Орал гуманитарлық колледжі» ЖМ қаржы директоры;

Қарағанды облысынан – Ершов Сергей Михайлович, 1960 жылы туған, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты;

Қостанай облысынан – Карплюк Сергей Алексеевич, 1968 жылы туған, Қостанай облысы әкімінің орынбасары; Қ

Қызылорда облысынан – Әлназарова Ақмарал Шәріпбайқызы, 1971 жылы туған, «Nur Otan» партиясының облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары;

Маңғыстау облысынан – Алдашев Сүйіндік Тасеменұлы, 1963 жылы туған, «Қаражанбасмұнай» АҚ бірінші вице-президенті;

Павлодар облысынан – Нұхұлы Алтынбек, 1962 жылы туған, Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінің ректоры; Солтүстік Қазақстан облысынан – Перепечина Ольга Валентиновна , 1967 жылы туған, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты;

Түркістан облысынан – Бектаев Әли Әбдікәрімұлы, 1962 жылы туған, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты;

Нұр-Сұлтан қаласынан – Күрішбаев Ақылбек Қажығұлұлы, 1961 жылы туған, «С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» АҚ басқарма төрағасы;

Алматы қаласынан – Мәкежанов Сұлтанбек Алмасбекұлы, 1961 жылы туған, Алматы қаласы Медеу ауданының әкімі;

Шымкент қаласынан – Қапбарова Айгүл Жарылқасынқызы, 1975 жылы туған, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты.