Аймақтар • 13 Тамыз, 2020

Алматыда қарулы адам зейнеткерге шабуыл жасады

387 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда қарулы адам зейнеткерге шабуыл жасады. Бұл туралы Polisia.kz хабарлайды, деп жазады Egemen.kz

Алматыда қарулы адам зейнеткерге шабуыл жасады

Қылмыс бүгін сағат 13:00 шамасында Алматының Алмалы ауданында орын алған. Тұрғын үй ғимаратының кіреберісінде 28 жастағы ер адам әйелге шабуыл жасап, сөмкесін алуға тырысқан.

– Мен банкоматтан ақша алып, үйге қайттым. Басында көрші екен деп ойладым, сөйтіп оны алдыға жіберуге тырыстым. Ол менің сөмкеме жармасып алды. Мен сөмкемді жібермедім. Ол пышақты алып, сөмкенің иық белбеуін кесе бастады, қолдарымды тіліп тастады. Мен кіре берісте айқайладым, біреу естиді деп ойладым. Бірақ ешкім көмектеспеді. Ол жүгіре жөнелді, екі жолаушы артынан қуды, – деп әйел адам шабуылдың мән-жайын айтып берді.

– Бөгенбай батыр мен Айтиев көшелерінің қиылысындағы біздің күзет бекетімізде кезекшілік кезінде бізді жолаушылар тоқтатты және жоғарғы көшеде екі адамның бір адамды тонамақшы болып төбелесіп жатқандығын хабарлады. Біз дереу көрсетілген жерге жеттік, сол жерде істің нақты мәліметтерін білдік. Осы қылмысты жасады деген күдікпен 1992 ж.т. И.азаматұсталды. Одан пышақ тәркіленді. Әйелді таптық, оған "жедел жәрдем" шақырылды, – деді Алматы қалалық ПД Патрульдік полиция полкінің инспекторы, "Буран-045" экипажының аға бастығы Самат Жұманов.