Аймақтар • 14 Тамыз, 2020

Атбасарда масаң күйде көлік басқарған тұрғын жауапкершілікке тартылды

163 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алкогольді масаң күйде көлік басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы Ақмола облысының Атбасар аудандық сотына сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.

Атбасарда масаң күйде көлік басқарған тұрғын жауапкершілікке тартылды

Атбасар аудандық сотында Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 608-бабының 6-бөлігімен (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру, көлік құралдарын басқару құқығы жоқ адамдар жасаған әрекеттер) азамат З-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта анықталғандай, азамат З. көлік құралын жүргізу құқығы болмай, автокөлігін алкогольді масаң күйде басқарған.                                   

Сот қаулысымен азамат З. әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 20 тәулікке әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды.