Қазақстан • 14 Тамыз, 2020

Қазақстанның бірқатар облысында дауылды ескерту жарияланды

635 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

"Қазгидромет" РМК 15 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Egemen.kz

Қазақстанның бірқатар облысында дауылды ескерту жарияланды

15 тамызда Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Облыстың оңтүстігінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Қарағанды қаласында түнде және таңертең 15 тамызда тұман күтіледі.

15 тамызда Ақтөбе облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Таңертең және күндіз 15 тамызда Маңғыстау облысының кей жерлерінде найғазай күтіледі. Жел солтүстіктен, солтүстік-батыстан соғады, күндіз күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі.

Ақтау қаласында 15 тамызда таңертең және күндіз найзағай күтіледі.

Түнде және таңертең 15 тамызда Ақмола облысында кей жерлерде тұман күтіледі.

15 тамызда Батыс-Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады кей жерлерде 15-20 м/с.

Орал қаласында 15 тамызда найзағай күтіледі. Күндіз жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады екпіні 18 м/с.

Күндіз 15 тамызда Атырау облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі.  Жел батыс, солтүстік-батыстан соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с.

15 тамызда Қызылорда облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, күші күндіз кей жерлерде 15-20 м/с. Күндіз өте жоғары өрт қаупі сақталады.

15 тамызда Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай, тұман, дауыл, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі. 

Қостанай қаласында 15 тамызда найзағай күтіледі.

Дауылды ескертудің ықтималдылығы 70-100 %