Қала әкімінің айтуынша, №4 және 7 қалалық емханалар өздерінің негізгі бағыттары бойынша толық жұмыс істей бастады. Ал қалғандары өздерінің негізгі жұмыстарына кезең-кезеңімен оралады.
Тағы бір тоқтала кетуге тиісті жайт, күзгі-қысқы маусымда індеттің жаңа толқынының болуы мүмкін екенін ескере отырып, стационарлардың ковидті госпитальдер режімімен жұмыс істеу жоспары әзірленген.
«Күніне шамамен 200 госпиталь жұмыс істейтін болады. Індет шарықтаған кезде біз 500-ге жуық науқасты ауруханаларға жатқыздық. Бұл қаланың медицина жүйесіне түсетін өте ауыр жүк. Індеттің жаңа толқынына қарсы іс-әрекет жоспарына сай стационарлар 2-3 күн ішінде ковидті науқастарды емдеуге дайын болулары тиіс», деп атап өтті Б.Сағынтаев.
Сонымен қатар жедел жұмыс істеу үшін медициналық көмектің алғашқы буыны – алғашқы медициналық-санитарлық көмек немесе емхана байланысы күшейтілуде. Учаскелік дәрігерлер созылмалы аурулары бар тәуекел тобындағы қалалықтарды бақылауға алуы тиіс. Ал бұл осы топтағы жұқтырушыларды дер кезінде анықтауға мүмкіндік береді.
Сауалдамаларға сәйкес, КВИ жұқтырғандардың ішінде стационарларға сырқаттың асқыну түрімен түскен 55%-ы үйде емделсе, 31%-ы жеке клиникаларға, 14%-ы – өздері тіркелген емханаларға, учаскелік дәрігерлерге барған.
«Осыған орай, біз КВИ белгілері пайда болған кезде не істеу керек, кімге және қайда жүгінуге болатыны туралы нұсқаулықтар әзірледік. Амбулаториялық ем алатын әрі емханалар дәрігерлерінің бақылауында болатын науқастарды қажетті дәрі-дәрмектермен қамтамасыз еттік. Осы мақсатта дәрі-дәрмектерді тұрақтандыру қоры құрылды, оған 5 млрд теңге бөлінді», деді қала әкімі.
Сонымен қатар ПТР тестілеудің қуаты артады. Бүгінде 455 мың ПТР сынақтары өткізілді. Тестілеуден қала тұрғындарының шамамен 15-17%-ы өтті. Бұл нақты эпидемиялық көріністі білуге және уақытында қажетті шараларды қабылдауға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев №17 қалалық емханада алғашқы медициналық-санитарлық көмектің КВИ індетінің жаңа толқыны жағдайына қалай бейімделетінін тексерді. Қала әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, №17 емханада таза және қауіпті аумақтар арнайы бөлінген, фильтрлер мен бақылау бекеттері орнатылған. Науқастар арасы бөлінген, яғни емделуге жатқызылатын немесе тексеруден өтетін ЖРВИ белгілері бар сырқаттар, балалар, жүкті әйелдер өзара араласпайды. Бұрынғыдай дәлізде бірге тұрмайды. Оларға жеке процедуралық және зертханалық кабинеттер, кіретін, шығатын орындар ұйымдастырылған. Мақсат – вирустың аурухана ішінде таралуына және қызметкерлердің вирусты жұқтыруына жол бермеу.
№17 емханаға Бостандық ауданының 82 мың тұрғыны тіркелген. Олардың 28 мыңға жуығы созылмалы ауруы болғандықтан диспансерлік есепте тұрғандар, арасында қан қысымына, қант диабетіне, жүректің ишемиялық ауруына шалдыққан науқастар бар.
Қала әкімі Б.Сағынтаев «қауіпті топтағыларға» жете назар аударуды тапсырды, өйткені олар КВИ жұқтыратын болса, жағдайлары нашарлап, сырқаты асқынуы мүмкін. Сондай-ақ қаланың барлық емхана басшыларына ПИК-термен қоса қажетті ақпарат жазылған нұсқаулықтарды тарату тапсырылды, онда ЖРВИ белгілері пайда болған кезде кімдерге жүгіну керегі көрсетілген.
Бүгінде құрамында емханалардың 40 маманы бар 16 мобильді топ амбулаториялық ем алып жатқан науқастардың жағдайын бақылауда. Қазір КВИ-ден сауығып шыққан 8, сырқаты жеңіл 1 және 18 симптомсыз науқас есепте тұр. Жалпы, қалада алғашқы медициналық-санитарлық көмектің 74 ұйымы жұмыс істейді, оның 39-ы мемлекеттік, оған шамамен 1,7 млн адам тіркелген. Ал 35 жеке ұйымға 340 мыңға жуық адам тіркелген. Індет шарықтаған кезде, 15 маусымнан 15 шілде аралығында 2450 вирус жұқтырушы үйде, дәрігерлердің бақылауында ем алды. Қазір 825 науқас тіркелген. Құрамында 925 дәрігері бар 300 мобильді топ құрылды. Індеттің жаңа толқынына дайындық барысында бұл ресурстар екі есеге артатын болады. Міндет – КВИ бойынша эпидемиялық ахуал өршитін болса, науқастар мен вирус жұқтырушылардыдың басым бөлігін заманауи медициналық көмекпен кеңінен қамту. Алматының барлық денсаулық жүйесі осыған бағытталған.
АЛМАТЫ