Тағайындау • 17 Тамыз, 2020

Руслан Манатаев Ауыл шаруашылығы вице-министрі болып тағайындалды

281 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үкіметінің қаулысымен Руслан Ерғалиұлы Манатаев Ауыл шаруашылығы вице-министрі лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Egemen.kz Премьер-Министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Руслан Манатаев Ауыл шаруашылығы вице-министрі болып тағайындалды

Руслан Манатаев 1984 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. 2005 жылы Т. Рысқұлов атындағы Қазақ мемлекеттік экономика университетін, 2017 жылы — М. Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясын, 2020 жылы — Назарбаев университетін тәмамдаған.

Әр жылдары коммерциялық құрылымдарда жұмыс істеген. 

2014-2017 жылдары — "Транстелеком" АҚ басқарушы директоры, президентінің кеңесшісі.

2017-2018 жылдары — "Астана — жаңа технологиялар – 2008" ЖШС директоры.

2018 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін "Транстелеком" АҚ АТ-шешімдер жөніндегі басқарушы директоры, телекоммуникация жөніндегі вице-президенті, басқарма төрағасының орынбасары қызметтерін атқарған.

Қазақстандағы және әлемдегі соңғы жаңалықтарды бірінші болып оқу үшін Telegram желісінде бізге жазылыңыз.

Соңғы жаңалықтар