Төле би Әлібекұлының 350 жылдық мерейтойы жақындап келеді. Бұл күндері облыс аумағында баба құрметіне арналған көптеген мерекелік іс-шаралар өтеді. Оған елімізге белгілі мемлекет және қоғам қайраткерлері, ғалымдар, жазушылар және өнер қайраткерлері келеді деп күтілуде.

Мерейтойдың алғашқы мәдени іс-шарасы облыстық драма театрда жазушы Елен Әлімжанның «Төле би» драмасымен басталады. Төле би даңғылы мен Желтоқсан көшесінің қиылысынан бой көтеретін баба ескерткішінің салтанатты ашылу рәсімі де өңір тарихы үшін ерекше оқиға болмақшы.
Той барысында «Төле бидің қасиеттері мен өсиеттері» республикалық жыр мүшәйрасының жеңімпаздары мен жүлдегерлері марапатталса, «Баласағұн» орталық концерт залында «Төле би және оның ұлағатты мұралары» тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізіледі. Сондай-ақ, қазақстандық бір топ эстрада жұлдыздары Тараз қаласындағы Орталық стадионда мерейтойға арналған тартулары – әсем ән мен тәтті күйден шашу шашады. Той шымылдығы Бауыржан Момышұлы атындағы атшабарда өтетін ұлттық ат спорты ойындарымен жабылады.
Көсемәлі СӘТТІБАЙҰЛЫ,
«Егемен Қазақстан».
Жамбыл облысы.