Алматы қаласындағы Қазақ Ұлттық аграрлық университетінің мәжіліс залында Ұлыбританияның Қазақстандағы елшілігі мен ЕҚЫҰ-ның Астанадағы орталығының және Халықаралық көші-қон ұйымының Қазақстандағы өкілдігінің техникалық жәрдемімен үш тілде жарық көрген Елбасы жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссиясының «2012 жылы Қазақстан Республикасындағы адам құқықтарының ахуалы туралы» және «Қазақстан Республикасындағы мигранттар құқықтарының ахуалы туралы» баяндамаларының Алматы қаласының жұртшылығына арналған тұсаукесері өтті.

Тұсаукесерге Елбасы жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның төрағасы Қуаныш Сұлтанов, Қазақ Ұлттық аграрлық университетінің ректоры Тілектес Есполов, Еуропалық Одақтың Қазақстандағы Өкілдігінің басшысы Аурелия Бушез ханым және өзге де халықаралық ұйым өкілдері қатысты.
Баяндаманың таныстыру шарасына Алматы қаласының мемлекеттік органдары мен үкіметтік емес ұйымдарының өкілдері, құқықтанушы-ғалымдар, халықаралық ұйымдар мен дипломатиялық өкілдіктердің басшылары, адвокатура, білім және ғылым, денсаулық сақтау, мәдениет, бизнес және БАҚ өкілдері, Алматы қаласындағы жоғары оқу орындарының студенттері мен оқытушылары қатысып, аталмыш құжаттың толық нұсқасымен таныстырған Елбасы жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның мүшелері Тастемір Әбішев, Виталий Воронов, Нұрила Шаханова, Еркін Оңғарбаев және Герман Нұрбаев секілді жауапты тұлғалармен сұхбаттасты.
Шара барысындағы баяндамаларда Қазақстан бекіткен халықаралық келісімдердің нормаларына сәйкес адам құқықтарын, сондай-ақ еңбек мигранттарының құқықтарын қорғау саласындағы заңнама мен құқық қолдану тәжірибесінің салыстырмалы талдауы, Конституция және халықаралық стандарттардың нормаларына сәйкес халықтың әлеуметтік жағынан қорғалатын топтарына жататын азаматтардың әлеуметтік-экономикалық, еңбек және мәдени құқықтарын қорғау тетіктерін әрі қарай жетілдіру бойынша нақты қадамдар қамтылғаны атап өтілді.
Тұсаукесер рәсімінде сөз сөйлеген сарапшылар Елбасы жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның баяндамаларына жоғары баға беріп, олардың ұсынымдарын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Парламенті іс жүзінде қолданысқа енгізе бастағанын айтып өтті.
Қанат ЕСКЕНДІР,
«Егемен Қазақстан».
АЛМАТЫ.