25 Қазан, 2013

Заманауи әуежай кешені

291 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Көкшетауда Көлік және ком­му­никация вице-министрі Азат Бектұровтың қатысуымен құрылысы түгел қайта жаңғыр­тылған әуежай кешенінің ашылу салтанаты өткізілді.

 

Көкшетауда Көлік және ком­му­никация вице-министрі Азат Бектұровтың қатысуымен құрылысы түгел қайта жаңғыр­тылған әуежай кешенінің ашылу салтанаты өткізілді.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен жүзеге асырылған жоба 2010 жылы қолға алынып, екпінді құрылыс орнында 8,3 миллиард теңге қаржы игерілді. Осының нәтижесінде ұшу-қону жолағы 2850 метрге ұлғайтылып, жолаушылар терминалы сағатына 200 адамды қамтитын қуатқа ие болды. Терминал екі телеско­пиялық траптан тұратын ұшаққа отырғызу галереясымен, кез келген ауқымдағы жүк автоматты түрде тексерістен өткізіліп, фито-зоо-санитарлық бақылау жүйесімен қамтамасыз етілген. Мұнда жолаушыларға қажетті қолайлылықтардың бәрі қарасты­рылыпты. Аэровокзалда бес билет кассасы, ақпараттық және хабарлау қызметі, VIP және CIP залдары жұмыс істейді. Әуежайдың жүк интерэскоптары мен транспортерлері, техникалық бағыттағы құрылғылары, жанармай блогы, зертханалық аспаптар шетелдің озық фирмаларынан жеткізіліп, толық қуатында жұмыс істеп тұр.

Көкшетаудағы заманауи әуежай кешенінің іске қосылуы астаналық облыс тұрғындары үшін ғана емес, бүкіл еліміз үшін елеулі оқиға саналады, деді Көлік және коммуникация вице-министрі Азат Бектұров. Барша қауымды президенттік ірі жобаның табысты жүзеге асырылуымен құттықтаймын. Қазақстан Үкіметінің жуырдағы қаулысымен осынау айрықша маңызды нысанға халықаралық мәртебе берілді. Бұл халықаралық әуежай Қазақстан Республикасының маңызды көлік инфрақұрылымы саналады деп айта аламыз. Сондай-ақ, заманалық талаптарды толық қамтитын нысан Ақмола облысының дамуына, курортты өңірдің көркеюіне қалтқысыз қызмет етеді деп сенеміз.

Бақберген АМАЛБЕК,

«Егемен Қазақстан».

КӨКШЕТАУ.

Соңғы жаңалықтар