Президент • 19 Тамыз, 2020

Мемлекет басшысы жемқорлықпен күрес мәселелері жөнінде кеңес өткізді

174 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөнінде кеңес өткізді. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында жазды, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Мемлекет басшысы жемқорлықпен күрес мәселелері жөнінде кеңес өткізді

"Шараға орталық мемлекеттік органдардың басшылары мен облыс әкімдері қатысты. Президентке Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес іс-қимыл агенттігінің, Денсаулық сақтау, Ішкі істер, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі, Қаржы, Ауыл шаруашылығы министрліктерінің басшылары, Шымкент қаласы және Жамбыл облысының әкімдері есеп берді. Қазақстан Президентінің кеңесте сөйлеген сөзінің толық мәтіні akorda.kz. сайтында жарияланады", - деп жазды Берік Уәли.

 

Қазақстандағы және әлемдегі соңғы жаңалықтарды бірінші болып оқу үшін Telegram желісінде бізге жазылыңыз.