Қоғам • 20 Тамыз, 2020

QR-кодтар арқылы дәрілік заттардың бағасын тексеруге болады

610 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

"Adaldyq alańy" жобасы аясында бағаны көтеру фактілерін болдырмау мақсатында еліміздің дәріханаларында ақпараттық брошюралар орналастырылады. Оларда Covid-19 және вирустық пневмонияны емдеуде қолданылатын дәрі-дәрмектердің шекті бағалары көрсетілген. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.

QR-кодтар арқылы дәрілік заттардың бағасын тексеруге болады

Азаматтарға ыңғайлы болу үшін дәрілердің шекті құнын регламенттейтін нормативтік құқықтық актіге және уәкілетті органның Call-орталықтарының нөмірлеріне сілтемелер QR-кодқа орнатылған.

Бұл бастама дәріханалардың сұранысқа ие дәрі-дәрмектердің бағасын көтеруінің тежеуші факторы болып табылады. Бұған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, арнайы мониторингтік топтар мен "Adaldyq alańy" жобалық кеңселерінің өкілдерімен бірлесіп 4500-ге жуық дәріхана, 300 медициналық бұйымдар қоймасы, 380 аурухана мен емхананың қызметіне мониторинг жүргізді.

Нәтижесінде, негізгі бөлігі дәрі-дәрмектердің бағасын негізсіз көтеруге байланысты 280-нен астам бұзушылық анықталды. Барлық анықталған бұзушылықтар бойынша материалдар Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетіне жіберілді. Бұдан бөлек, 66 әкімшілік хаттама толтырылды. Салынған айыппұл сомасы – 10 млн теңге.

 

Қазақстандағы және әлемдегі соңғы жаңалықтарды бірінші болып оқу үшін Telegram желісінде бізге жазылыңыз.

Соңғы жаңалықтар

Жүрегі жырдан жаралған

Тұлға • Бүгін, 08:20

3 минуттық сериал

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Алаңдауға негіз жоқ

Аймақтар • Бүгін, 08:05

Қауіп қайдан демеңіз...

Аймақтар • Бүгін, 08:03

Оператордың ерекше әдісі

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:00

Қатерге қарсы тастүйін іс

Аймақтар • Бүгін, 07:58

Ақ кимешекті әйгілеген әже

Мирас • Бүгін, 07:55

Сезім селт еткен кеш

Өнер • Бүгін, 07:50

Сыншының елеулі еңбегі

Басылым • Бүгін, 07:45

Сарыжаздағы спорт мерекесі

Аймақтар • Бүгін, 07:40

ЖИ ұсынатын иіссу

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:35