Тағайындау • 20 Тамыз, 2020

Ұлттық киноны қолдау орталығы төрағасының бірінші орынбасары тағайындалды

227 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы төрағасының бірінші орынбасары болып Эрнар Құрмашев тағайындалды, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Ұлттық киноны қолдау орталығы төрағасының бірінші орынбасары тағайындалды

Эрнар Құрмашев 2019 жылдың қыркүйегінен бастап Алматы мәдениет басқармасының басшысы қызметін атқарды. Ол мегаполистің креативті экономикасын дамыту стратегиясын әзірлеуге және енгізуге жауап берген еді.

"Менің ойымша, қазақстандық кинематография мен анимацияның болашағы зор. Олар локомотив ретінде бүкіл елдің креативті экономикасын жылжытатын негізгі салалар. Кино әдебиет, кескіндеме, музыка, сән, заманауи, атқарушы және қолөнер сияқты шығармашылық салаларды біріктіреді. Отандық кино және анимациялық индустриялардың дамуы ІТ-саласына да оң әсерін тигізуде. Мен отандық көрермендерге де, шетелде де қызықты болатын сапалы, қызықты жобалар жасау үшін өзімнің барлық тәжірибем мен құзыреттіліктерімді қолданғым келеді", - деді Эрнар Құрмашев.

Эрнар Құрмашев 1984 жылы 18 желтоқсанда дүниеге келген. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-ды бітіріп, New York Film Academy-да тағылымдамадан өткен.

Айта кетейік, Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы 2019 жылдың 15 наурызында құрылды. Оның негізгі міндеттері - ұлттық мүдделерге сәйкес келетін киножобаларды қаржыландыру және мониторингілеу, отандық кинематографияны қолдау, оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру, кино саласына инвестициялар тарту.

 

Қазақстандағы және әлемдегі соңғы жаңалықтарды бірінші болып оқу үшін Telegram желісінде бізге жазылыңыз.