«Агро Строй Индер» ЖШС-ның 2019 жылдың қорытындысы бойынша тарифтік сметасының орындалуына жүргізілген талдау барысында Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабының 2-тармағының 15) тармақшасы, атап айтқанда бекітілген тарифтік сметаны орындау талабының сақталмағандығын анықтады.
2019 жылға «Агро Строй Индер» ЖШС-ның Индер ауданы суды таратушы желілер арқылы беру жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметі бойынша Ұлттық банктің қайта қаржыландыру мөлшерлемесін қоса есептегендегі негізсіз алынған табысының сомасы Бөдене ауылы бойынша – 4 744 480 теңге; Өрлік ауылы бойынша – 7 061 760 теңгені құрайды.
Осыған сәйкес, департамент осы жылдың 1 қазанынан бастап, «Агро Строй Индер» ЖШС-не уақытша өтемдік тарифі ҚҚС-сыз Бөдене ауылы бойынша текше метріне 240,93 теңге немесе қолданыстағы тарифпен салыстырғанда 21,9%-ға төмендетумен, Өрлік ауылы бойынша текше метріне 184,34 теңге немесе қолданыстағы тарифпен салыстырғанда 21,9%-ға төмендетумен енгізеді.
Атырау облысының Исатай ауданында бірқатар қызметтерге тарифтер төмендетілді. «Қамысқала су арнасы» ЖШС-да 2019 жылдың қорытындысы бойынша бекітілген тарифтік сметаны орындау талабын сақтамаған.
2019 жылға «Қамысқала су арнасы» ЖШС-ның Исатай ауданына реттеліп көрсетілетін қызметтері бойынша Ұлттық банктің қайта қаржыландыру ставкасын қоса есептегендегі негізсіз алынған табысының сомасы: Аққыстау, Жанбай, Тұщықұдық, Зинеден елді мекендері бойынша таратушы желілері арқылы суды беру – 12 893 290 теңге; Аққыстау ауылы сарқынды суларды бұру – 1 843 810 теңге; Исатай ауданына жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және жабдықтау – 664 530 теңгені құрайды. Осыған сәйкес, департамент биыл жылдың 1 қазаннан бастап, «Қамысқала су арнасы» ЖШС-ның реттеліп көрсетілетін қызметтеріне уақытша өтемдік тарифі ҚҚС-сыз аталған ауылдар бойынша таратушы желілері арқылы суды беруді текше метріне – 202,32 теңге немесе қолданыстағы тарифпен салыстырғанда 13%, соның ішінде халыққа – 200,2 теңге немесе қолданыстағы тарифпен салыстырғанда 13%, басқа тұтынушыларға 399,60 теңге немесе қолданыстағы тарифпен салыстырғанда 13%-ға төмендетумен, ал Аққыстау ауылы сарқынды суларды бұру текше метріне 115,71 теңге немесе қолданыстағы тарифпен салыстырғанда 6%, соның ішінде халыққа – 110,9 теңге немесе қолданыстағы тарифпен салыстырғанда 6%, басқа тұтынушыларға 226,83 теңге немесе қолданыстағы тарифпен салыстырғанда 6%-ға төмендетумен берілмек. Сондай-ақ Исатай ауданына жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және жабдықтау – 4548,80 теңге/Гкал немесе қолданыстағы тарифпен салыстырғанда 9,94%-ға төмендетумен енгізеді.