Білім • 21 Тамыз, 2020

Алматыда кезекші топтар 1-2 сыныптарда ғана ашылады

204 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы Білім басқармасы басшысының орынбасары Қайрат Жұманов кезекші топтардың 1-2 сыныптар үшін ғана ашылатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz

Алматыда кезекші топтар 1-2 сыныптарда ғана ашылады

"Алматы қаласындағы эпидемиялық ахуал Денсаулық сақтау басқармасы мен СЭС бақылауында. Бүгінде жұмыс істейтін ата-аналардан кезекші сыныптарын ашу туралы өтініштер көптеп түсуде. Осыған байланысты барлық орта мектептерде 1-2 сынып оқушыларына "кезекші сынып" ашу туралы шешім қабылданды", дейді Қайрат Жұманов.

Сондай-ақ, бастауыш сыныптар үшін штаттық режімде, соның ішінде 1 мен 4 сынып аралағында және арнайы түзету мектеп-интернаттарында жұмыс істеуге рұқсат етілді. Қайрат Жұманов икемді кесте болатынын, сабақтар 40 минуттан өтетінін атап өтті. Бұған дейін ол Алматыда кезекші сыныптарға 15 мың оқушы барады деп күтілетінін хабарлады.

 

Қазақстандағы және әлемдегі соңғы жаңалықтарды бірінші болып оқу үшін Telegram желісінде бізге жазылыңыз.