Әлем • 21 Тамыз, 2020

Түркия Қара теңізде 320 миллиард текше метр газ тапты

657 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түрік ағайындардың қуанышында шек жоқ«Түркия Қара теңізде 320 миллиард текше метр табиғи газ тапты, деп мәлімдеді Түркия президентіРежеп Тайып Ердоған», деп хабарлайды Egemen.kzNTV сілтеме жасап.  

Түркия Қара теңізде 320 миллиард текше метр газ тапты

Түркия президентінің айтуынша, 2023 жылдан кешіктірмей Қара теңізде жаңадан табылған кенорнында газ өндіруді бастау жоспарланған, бұл елге энергия тапшылығымен проблемаларын түбегейлі шешуге мүмкіндік береді.

«Аймақтың ең үлкен табиғи газ кен орны Қара теңіз қайраңынан табылды, оның қоры 320 млрд текше метрге бағаланды» деді Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған.

Оның айтуынша, бұл кен орнын игеру ел тарихында жаңа дәуірді бастайды және энергия тапшылығы проблемасын түбегейлі шешеді және болашақта Түркияны газ экспорттаушысына айналдырады. «Құдіреті шексіз Құдай бізге бұрын-соңды болмаған байлыққа ең ерекше жерде есік ашты. Ертең бізде дәл осындай есіктер басқа жерлерде ашылады. Біз еліміздің энергетикалық мәселелерін түбегейлі шешуге бел будық. Біз энергияның таза экспорттаушысы болмайынша тоқтап, демалмаймыз», - деді Ердоған Стамбулдағы Долмабахче сарайында сөйлеген сөзінде.  (Анадолу).

Түркия президентінің айтуынша, Қара теңіздегі жаңадан табылған кен орнында газ өндірісін 2023 жылдан кешіктірмей бастау жоспарлануда. Сонымен бірге, Ердоған қазірдің өзінде табылған кен орны - тек алғашқы іздеу және жаңа кен орындарын іздеу тек Қара теңізде ғана емес, Жерорта теңізінде де жалғасатынын атап өтті.  «Біз өз мақсаттарымызды ешкімнің құқығына нұқсан келтірместен жалғастыра береміз, бірақ біз өз басымызды таптауға жол бермейміз» деп уәде берді Ердоған.