Байқауға қатысу оқушылар мен студенттердің шығармашылық қабілеттерін дамытуға ықпал етеді, олардың ғылыми-техникалық бағыттағы қолданбалы зерттеулерге қызығушылығын арттырады.
Биыл пандемиялық шектеу шараларына байланысты байқау онлайн-форматта өтті. Бірақ соған қарамастан, жастар тарапынан байқауға деген қызығушылық төмендемеді. «KazRoboProject-2020» бағдарламасына еліміздің барлық өңірінің өкілдері қатысты. Байқауға 62 (91 қатысушы) өтініш тіркелді, оның 54-і онлайн қорғауға жіберілді.
Жобалармен жұмыс істеу барысында қатысушылар құрылғыларды жобалау, сызбаларды оқу, роботтарды құрастыру, әзірленген модельдерді бағдарламалау негіздерін игереді. Олар дизайнерлердің негізгі компоненттерін және олардың функционалдылығын зерттейді. Сонымен қатар балалар шағын маркетингтік зерттеулер, қарапайым қаржылық есептеулер жүргізеді. Мұның бәрі, әрине кейінгі жобалау қызметінде пайдалы болады.
«Жобаны нақты жағдайларда практикалық қолдануға мақсатты және жүйелі түрде дайындау білім алушыларды рационализаторлық қызметтің негіздерін түсінуге әрі қарай кәсіби өсу үшін негіз болуы тиіс. Біздің балалар болашақта ғылыми, инженерлік-техникалық бағытпен байланысты мамандықтарды таңдап, Қазақстан экономикасының дамуын жаңа деңгейге шығарады деп ойлаймыз», дейді «КазРоботикс» федерациясының президенті Айжан Жекеева.
Балалар жасаған жобалар – бұл нақты мәселені шешу үшін айтарлықтай пайда әкелетін техникалық құрылғыны (роботтандырылған құрылғы, микропроцессорлық жүйе) құруға бағытталған қолданбалы шығармашылық жұмыстар.
Байқау екі жас тобында өткізілді: 10-15 жас және 16-21 жас аралығында, сонымен қатар әр жас тобында екі номинация: «Концепт» және «Прототип» болды. Тұжырымдама («Концепт») – бұл жоба идеясы мен процестер логикасын көрсету үшін жиналған құрылғының орналасуы. Прототип – бұл нақты пайдалануға жақын, тапсырманы орындайтын құрылғының «жетілген» моделі.
Қатысушы командалар ғылыми жетекшісі бар екі адамнан тұрады. Қазіргі уақытта қазылар алқасы онлайн-режімде таныстырылған үздік жұмыстардың авторларын іріктеуде. Байқау жеңімпаздарын марапаттау рәсімі қыркүйек айында өтеді.