Елорда • 24 Тамыз, 2020

Бигелдинов пен Жұбанов көшелері 25 тамызға дейін жабылады

141 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елорда тұрғындары мен қонақтарына маршрутын алдын-ала жоспарлау ұсынылады. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.

Бигелдинов пен Жұбанов көшелері 25 тамызға дейін жабылады

23-25 тамыз аралығында жол-құрылыс жұмыстарына байланысты Нұр-Сұлтанда бірқатар көшелер жабылады.

Орташа жөндеу аясында Бигелдинов көшесінде Сарыарқа даңғылынан Жеңіс даңғылына дейінгі учаскеде жұмыстар жүргізілуде. Осыған орай, 23-25 тамыз аралығында көлік қозғалысын толығымен жабу жоспарланған.

Сондай-ақ Жұбанов көшесінде Абай даңғылынан көшенің соңына дейін жол құрылысы жүргізілуде. Дәл осы мерзім ішінде қозғалыс толығымен жабылады.

"Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмау үшін маршрутын алдын-ала жоспарлау керек. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жөндеу жұмыстарына түсіністікпен қарауды сұраймыз", деді елорданың көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасында.

 

Қазақстандағы және әлемдегі соңғы жаңалықтарды бірінші болып оқу үшін Telegram желісінде бізге жазылыңыз.