26 Қазан, 2013

Ортақ көзқарас танытылған кездесу

272 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасары Асқар Бейсенбаев Венгрия Мемлекеттік жиналысының Төрағасы Ласло Кёвермен кездесті. Кездесудің негізгі мақсаты екі ел арасындағы парламентаралық ынтымақтастықты нығайту және заң шығару мәселелерін талқылау болды, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.

 

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасары Асқар Бейсенбаев Венгрия Мемлекеттік жиналысының Төрағасы Ласло Кёвермен кездесті. Кездесудің негізгі мақсаты екі ел арасындағы парламентаралық ынтымақтастықты нығайту және заң шығару мәселелерін талқылау болды, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.

Кездесу барысында А.Бейсен­баев екі елдің заң шығару органдары өзара іс-қимылдың барлық салаларында екіжақты ынтымақтастықты ұлғайтуға белсенді қатысуы тиіс деген пікір білдірді. Сондай-ақ, ол Қазақстан Парламентінің қызметі мен құрылымы туралы әңгімеледі және қазақстандық парламентшілер ЕҚЫҰ, Еуропа Кеңесі және НАТО Парламенттік ассамблеяларына қатысу аясында венгрлік әріптестерімен көпжақты байланыстарды дамытуға мүдделі екенін атап өтті.

Л.Кёвер парламентшілер арасындағы ынтымақтастықты үдету жайында айта келіп, екі ел арасында әріптестік байланыстарды одан әрі ілгерілету үшін берік іргетас қалыптасқанын жеткізді.

Парламентшілердің ел ішіндегі қоғамдық-саяси ахуал қалыптастыруға ғана емес, тұтастай халықаралық үдерістерге әсер ете алатынын атап өте келіп, А.Бейсенбаев Қазақстанның 2017-2018 жылдарда БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі болу туралы өтінішін ілгерілетуге Мемлекеттік жиналыстың жәрдемдесуін өтінді.

«Қазақстан бұрын БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің мүшесі болған жоқ, дегенмен, халықаралық күн тәртібінің ең жауапты және күрделі салаларында мол тәжірибесі бар. Еліміздің бірқатар аймақтық және жаһандық үдерістерге тығыз араласуы бізге сан-салалы ақпараттарға және БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің алдында тұрған халықаралық қауіпсіздік мәселелерін шешудің түрлі жолдарына ие болудың тамаша мүмкіндігін беріп отыр», – деп атап өтті Сенат Төрағасының орынбасары.

Кездесу барысында экономика және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақ­тастық мәселелері талқыланды.

Кездесуге сондай-ақ Қазақстан Республикасының Венгриядағы Төтенше және өкілетті елшісі Нұрбах Рүстемов, сенаторлар Серік Ақылбай, Светлана Жалмағамбетова, Владимир Бобров және Мәжіліс депутаты Андрей Бегенеев қатысты.

Соңғы жаңалықтар