Қазақстан • 24 Тамыз, 2020

Заңсыз қаржы пирамидасының ұйымдастырушысы қолға түсті

411 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ІІМ қазақстандықтарды 1 млрд теңгеге алдаған алаяқты Минскіден экстрадициялады. Бұл туралы ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.

Заңсыз қаржы пирамидасының ұйымдастырушысы қолға түсті

Қазақстан полициясы Ресей азаматы Ольга Клейнардтың Қазақстанға экстрадициялануына қолжеткізді. Ол Questra World ірі қаржы пирамидаларының бірін ұйымдастырды деп айыпталуда.

Ольга Клейнард біздің еліміздің аумағында алаяқтардың әрекеттеріне жетекшілік етті. Алаяқтық әрекеттерінің нәтижесінде мыңдаған қазақстандық алданып, келтірілген шығын сомасы 1 млрд теңгеден асты. Ол Беларусь Республикасының аумағында ұсталды. Кеше ол Нұр-Сұлтан қаласына жеткізілді. Қазіргі уақытта күдікті азаматша тергеу изоляторларында.

Естеріңізге сала кетейік, Questra World компаниялар тобы туралы қылмыстық іс бойынша бұған дейін ҚР ІІМ қызметкерлері сегіз адамды ұстаған болатын. Алаяқтардың әрекеттері ойдан шығарылған инвестициялық портфель түрлерін сату туралы ақпарат орналастырылған веб-сайттардың көмегімен жұмыс істеген. Алаяқтар азаматтарға инвестициядан жылдық 300%-ға дейін пайда табуға уәде берген. Questra World қаржы пирамидасының тағы бірнеше елде жұмыс істегені анықталды.

 

Қазақстандағы және әлемдегі соңғы жаңалықтарды бірінші болып оқу үшін Telegram желісінде бізге жазылыңыз.