26 Қазан, 2013

Женевадағы қызметі аяқталды

430 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Швейцарияға жұмыс сапары жалғасуда. Женевада Қ.Тоқаевтың БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, БҰҰ Женева бөлімінің Бас директоры қызметін аяқтауына байланысты бірқатар шаралар өтті, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі.

 

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Швейцарияға жұмыс сапары жалғасуда. Женевада Қ.Тоқаевтың БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, БҰҰ Женева бөлімінің Бас директоры қызметін аяқтауына байланысты бірқатар шаралар өтті, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі.

Қ.Тоқаевтың құрметіне «Виктория Хол» концерт залында Швейцария Федералдық үкіметі мен Женева Кантоны билігінің атынан салтанатты концерт болды. Шара сондай-ақ жыл сайын 24 қазанда атап өтілетін БҰҰ күніне арналды.

Шарада Қазақстан өкілі­нің жетекшілігі кезінде Жене­ва­ның халықаралық рөлі­ БҰҰ еуропалық штаб-пәте­рі­­ тұрғысында ғана емес, көп­­тарапты дипломатияның жа­һан­дық орталығы ретінде де арта түскені атап көрсетілді. Со­­нымен бірге, бұл күндері Қ.Тоқаев Қарусыздану жө­нін­­дегі конференцияның Бас хат­шысы уәкілеттігін де тоқ­тат­­ты. Оның басшылығымен кон­­ференциядағы ядролық мә­се­ле­лер жөніндегі пікір­сайыс­тарда іл­герілеушілік айқындалды.

Кеше Ұлттар Сарайында Қ.То­қаев БҰҰ-ның Женева бөлімі­нің ұжымы үшін ресми қабылдау берді және кеңсенің аға қызметкерлерімен қорытынды кеңес өткізді. БҰҰ күні аясында Қ.Тоқаев Ұйымның ардагерлеріне адал қызметі үшін медальдар табыс етті.

БҰҰ-ның Женева кеңсесінде әлемнің 115 елінен 1500-ден астам қызметкер жұмыс істейді. Бөлім БҰҰ жүйесінің 90-нан астам түрлі құрылымдарын қолдау ісін қамтамасыз етеді, Иранның ядролық бағдарламалары, Сириядағы жағдай, Африкадағы аумақтық дауларды реттеу және басқа да мәселелер жөніндегі келіссөздерді қосқанда жыл сайын кеңсе өткізген конференциялар мен кездесулердің саны 10 мыңнан асқан.

Швейцариялық бұқаралық ақпарат құралдары, диплома­тия­лық корпус, сондай-ақ, жер­гілікті қоғам Қ.Тоқаевтың Же­невадағы жұмысы туралы ыстық ықыластарын білдіріп, ол өзінің белсенді және кәсіби қыз­метімен БҰҰ-ның әмбебап сипаттағы баламасыз ерекше ха­лықаралық ұйым ретіндегі ең үздік келбетін паш еткенін атап өтті. Белгілі дипломат, елші Франсуа Нордманн танымал швейцариялық «Le Temps» газетінде Қ.Тоқаев туралы «Ұлттар Сарайындағы күнделікті істерді басқаруда және БҰҰ-ның Женевадағы әкімшілік органдарының жұмыстарына жетекшілік ете отырып, үнемдеу және жаңашылдық бағдарламасын іске асыруда шын мәніндегі менеджерлік қабілет-қарымын көрсетті», деп жазды. Мақала авторының пікірінше, Бас директор БҰҰ-ның Женева және Швейцария билігімен арадағы қатынастарын нығайту жөніндегі жұмыстарды табысты жүзеге асырып, жергілікті қоғамдық өмірге белсенді түрде қатысты.

Қазақстанның БҰҰ-ның Женевадағы Бөлімі жанын­дағы Тұрақты өкілдігі жене­валық дипломатиялық қоғам­дастыққа БҰҰ Бас хатшысы орынбасарының елге оралу рәсіміне байланысты ресми қабылдау берді.

Женевада, сонымен бір­ге, Қ.Тоқаевқа «ММХҚИ (МГИМО) түлектері ассоциа­циясының құрметті мүшесі» кеуде белгісін табыс етудің ресми салтанаты болды. Одан басқа, Халықаралық Жасыл Крестің президенті Александр Лихоталь Қ.Тоқаевқа осы ұйымның мақсаттары мен міндеттерін іске асырудағы зор үлесі үшін диплом және күміс медаль табыс етті.

Соңғы жаңалықтар