Аймақтар • 25 Тамыз, 2020

Ақмолада тоғыз мектептің құрылысы жүргізілуде

534 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жаңа мектептердің салынуы үш ауысымдық білім беру мәселесін шешуге септеспек. Бұл орайда, "Жұмыспен қамтудың жол картасы", "Ауыл – ел бесігі" мемлекеттік бағдарламаларының көмегі  мол. Жыл басынан бері білім беру нысандарының ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстарына 10 миллиард теңге шамасында қаржы бөлінді, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақмолада тоғыз мектептің құрылысы жүргізілуде

Жоғарыда аталған бағдарламалар шеңберінде республикалық және облыстық бюджеттің қаржысына 150 білім беру нысанын жаңарту қарастырылған болатын. Оның ішінде 38 нысанға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Биыл 9 мектептің құрылысы жүріп жатыр. Білім ошақтары пайдалануға берілген кезде 4232 оқушы орны болады. Бір айта кетерлігі, төрт мектепке қосымша оқу корпустары салынуда. Мұндай жұмыстар негізінен Нұр-Сұлтан және Көкшетау қаласындағы білім ошақтарында жүргізілуде. 

Жоспарланған жобаларды іске асыру барысында 31 мектепке 6 миллиард 400 миллион теңгеге жөндеу жұмыстары жүргізіліп, аяқталу үстінде. 4 колледжді жөндеуге 947 миллион теңге қаражат бөлінген болатын. Қазір бұл жұмыстар тап-тұйнақтай атқарылған.

Өңірдегі 82 орта мектеп пен 11 бала бақша және 13 колледжге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл жұмыстар жергілікті халық үшін де тиімді болды. Өйткені, жөндеу жұмыстары жүргізілген кезде екі мыңнан астам жұмыс орны ашылған болатын.

 

Қазақстандағы және әлемдегі соңғы жаңалықтарды бірінші болып оқу үшін Telegram желісінде бізге жазылыңыз.

Соңғы жаңалықтар

Баға тұрақтылығы – басты назарда

Экономика • Бүгін, 08:55

Жаңатастағы жойқын дауыл

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Ырысын ізденіспен еселеген

Еңбек • Бүгін, 08:43

Медалі көп чемпион

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Дүбірлі дода басталды

Олимпиада • Бүгін, 08:35

Сегіз Олимпиадаға қатысқан

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Кешенді қолдау құжаты

Білім • Бүгін, 08:25

Бір сайыста – бес алтын

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:20

Сағадағы сатира кеші

Тағзым • Бүгін, 08:10