Оңтүстік Қазақстан облысындағы Шардара балық зауытын жаңарту жұмысын аяқтауға жақын қалды. Бұл туралы Otyrar.kz хабарлады.
Өндірісті толық модернизациялауды «Аграрлық несие корпорациясы» акционерлік қоғамы жүзеге асыру үстінде. Олардың қолға алған ісінің жалпы құны 182 млн. теңгені құрайды. Енді жылына 1000 мың тонна балық өңдейтін зауыт 100-ден аса жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтуды көздеп отыр.
« Шардара балық зауытының іргетасы қаланғанына біраз жылдың жүзі болды. Заман талабына сай өндірісті жаңа технологиямен жабдықтау ісі жақын арада аяқталады. Тағы бір атап өтерлік, бұл зауыттың жұмысын жандандыру үшін қосымша аудан орталығынан индустрияландыру орталығы ашылғалы отыр»,-дейді Шардара ауданының әкімі Қамытбек Айтөреев.
Бұл зауыттың күніне 10 тонна балықты қабылдауға мүмкіндігі бар. Соны тазалап, өңдеп Ресей мен басқа да елдерге жөнелтуді жоспарлауда. Зауыт басшылығы балықтарды өз аймағынан және Арал ауданынан келісім-шарт негізінде алады екен. Осылайша отандық нарықты сапалы өніммен қамтамасыз ету ісі таяу арада өз шешімін табады.
Бақытбек Кенешұлы.