Аймақтар • 25 Тамыз, 2020

"Астық" жедел-профилактикалық іс-шарасы 5 қылмысты ашты

577 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Елдегі маңызды шаралардың бәріне полиция қызметі қатысып, қоғамдық тәртіпті сақтау, жол тәртібін бақылаумен қатар түрлі қылмыстарды әшкерелеуде де белсенділік танытады. Биылғы орақ науқанында да полиция қыраығылық танытуды көздеп, "Астық-2020" жедел-профилактикалық іс-шарасын іске асыруға кірісті, - деп хабарлайды Egemen.kz.

"Астық" жедел-профилактикалық іс-шарасы 5 қылмысты ашты

СҚО Полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Марат Төлебаев іс-шара қарсаңында солтүстікқазақстандық полицияның барлық жеке құрамын егін оруға қатысатын диқаншылар мен ауыл тұрғындарына көмек көрсетуге бағдарлады. Облыста 4 миллион гектарға жуық егістік алқабы бар. Полицейлердің міндеті – қоғамдық тәртіпті және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, астық пен астық өнімдерінің, жанар-жағармай, ауыл шаруашылық техникасы мен қосалқы бөлшектердің ұрлығын анықтау және жолын кесу.

Іс-шара басталғалы облыс бойынша 5 қылмыс тіркеліп, олардың бәрі де жедел түрде ашылды. Соның бірі Уәлиханов ауданында жасалған еді. Аудандағы қожалықтардың бірінен үнемі дизельді отын ұрланатыны туралы дабыл түскен. Ол Ақбұлақ және Кішкенекөл ауылдарының арасында орақ  жұмыстарына тартылған техникадан ұрланған. Жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп, нәтижесінде сол шаруа қожалығының механизаторы ұрлық жасау кезінде әшкереленді. 58 жастағы ер адам өзінің "К-701" тракторына жанар-жағармайды толтырып құйып алып, оны КамАЗ жүргізушілеріне сатуды әдет қылған. Оның осындай үш ұрлыққа қатыстылығы анықталды. Ұрланған жанар-жағармайдың көлемі – 160 литр. Оның 80-і алынды, астық егетін кешенде жасырылған жанар-жағармайдың бір бөлігі канистрде болған. Қазіргі уақытта аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

 

Қазақстандағы және әлемдегі соңғы жаңалықтарды бірінші болып оқу үшін Telegram желісінде бізге жазылыңыз.