26 Қазан, 2013

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің бұйрығы № 91

273 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

28 наурыз 2013 жылғы Астана қаласы

Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрiнiң міндетін атқарушының кейбір шешімдерінің күшiн жою туралы

 

28 наурыз 2013 жылғы Астана қаласы

Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрiнiң міндетін атқарушының кейбір шешімдерінің күшiн жою туралы

«Нормативтiк құқықтық актiлер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 нау­рыздағы Заңы 21-1-бабының 2-тармағына және 43-1-бабының 1-тармағына сәйкес бұйырамын:

1. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрiнiң міндетін атқарушының мынадай бұйрықтарының күшi жойылды деп танылсын:

1) «Cирек металдардың (вольфрам, молибден, олово, ниобий, тантал, цирконий, сирек жерлер) кен орындары қорларының жiктемесін қолдану жөнiндегi нұсқаулықты бекiту туралы» 2006 жылғы 5 желтоқсандағы № 320;

2) «Ұсақ тау жынысты кен орындары қорларының жiктемесін қолдану жөнiндегi нұсқаулықты бекiту туралы» 2006 жылғы 5 желтоқсандағы № 322.

2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгiнiң Геология және жер қойнауын пайдалану комитетi (Б.Қ. Нұрабаев) бiр апта мерзiм iшiнде осы бұйрықтың көшiрмесiн Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiне және ресми баспа басылымдарына жiберсiн.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрi Н.Е. Сауранбаевқа жүктелсін.

4. Осы бұйрық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары –

Қазақстан Республикасының Индустрия және

жаңа технологиялар министрi Ә. ИСЕКЕШЕВ.

Соңғы жаңалықтар