Таным • 26 Тамыз, 2020

Байтұрсынұлының «қатесі»

2033 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мектеп баласы дәптеріне «Жиырманшы қыр­күйек» деп жазса, ұстазынан сөгіс еститіні анық.

Байтұрсынұлының «қатесі»

Алайда ұлттық терминологияның негізін қалаған Ахмет Байтұрсынұлы біз «жиырмасыншы» деп әдіптеп жүрген реттік сан есімді «жиырманшы» деп жазған екен. Ахаң неге бұлай қате жазды екен? – деген оймен білікті ғалымдарға жүгініп көруді жөн көрдік. Алматыдағы А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі инс­титуты грамматика бөлімінің меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы Орнай Жұбаеваға хабарласып едік, ғалым:

– Байтұрсынұлы «жиырмасыншы» демейді, «жиырманшы» дейді. Шындығында, сол дұрыс. Қазіргі қисынға салсақ, «екінші», «жетінші» деген сөздер «жиыр­масыншы» сияқты «екісінші», «жеті­сінші» болып жазылуы керек қой. Мұны Ахмет Байтұрсынұлы да, Елдес Ома­ров та, Мәулен Балақаев та «жиырманшы» деп қолданған. Кейінгі орфография­лар­да қате беріліп жүр. Ол дұрыс емес, – деді.

Енді қайтпек керек? Ештен кеш жақсы деп емлені түзейміз бе, әлде Байтұр­сынұлыныкін қате санап, көзжұмбайға салып жүре береміз бе? Айтпақшы, Өз­бекстан қазақтары да Ахаңша, жиырманшы деп сөйлейді.

 

Қостанай облысы