Қоғам • 26 Тамыз, 2020

Алматының екі ауданында суық су өшіріледі

342 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ертең Алматы қаласының екі ауданында уақытша суық су болмайды. Бұл туралы Egemen.kz "Алматы су" компаниясына сілтеме жасап хабарлайды.

Алматының екі ауданында суық су өшіріледі

"Алматы су" компаниясының мәліметіне сәйкес, 27 тамызда сағат 09.00-ден 20.00-ге дейін Жетісу ауданындағы Айнабұлақ-4 ықшамауданы аумағында орналасқан тұрғын үйлер мен әкімшілік ғимараттарға суық су беру тоқтатылады.

"Суық сумен жабдықтау қызметі бойынша шектеулер енгізу магистральдық желілерге жаңа су құбырларын қосу үшін қажет", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ 27 тамызда сағат 09.00-ден 20.00-ге дейін Әуезов ауданындағы Западная, Вишневая, Грушовая, ықылас, Таугүл-3 ықшамауданы көшелеріндегі тұрғын үйлер мен әкімшілік ғимараттарға суық су беру уақытша тоқтатылады.

 

Қазақстандағы және әлемдегі соңғы жаңалықтарды бірінші болып оқу үшін Telegram желісінде бізге жазылыңыз.