Осы бойынша жедел-іздестіру шараларын бастаған полицейлер көп кешікпей 30 жастағы азаматты ұстады ұстады. Күдіктіден айғақ зат ретінде ұрланған велосипед тәркіленіп, иесіне қайтарылды.
Тексеру барысында ұсталған тұрғынның бұдан басқа екі тонау және ұялы телефон ұрлықтарына қатысы бар екендігі анықталды.
Қазіргі таңда бұл дерек бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабының 3-бөлігі 3-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, күдікті уақытша ұстау абақтысына қамаққа алынды.