Аймақтар • 26 Тамыз, 2020

Қызылордалық полицейлер заңсыз аңшылық дерегін анықтады

154 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыс көлемінде "Құқық тәртібі" іс-шара өткізу барысында облыстық Полиция департаменті және орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының қызметкерлері 26 тамыз күні түнгі уақытта Қармақшы ауданы, ІІІ-Интернационал ауылына қарасты егістік алқабында күдік тудырған екі шетел автокөлігін тоқтатады, деп хабарлады Egemen.kz

Қызылордалық полицейлер заңсыз аңшылық дерегін анықтады

Тексеру барысында көліктегі 4 азаматтың заңсыз аңшылық жасап жүргендігі анықталды, олар Қармақшы ауданы, ІІІ Интернационал ауылының тұрғындары болып шықты.  

Оқиға орында автокөліктерден еш құжатсыз тіркеуде жоқ 3 аңшы мылтығы және атылған жабайы шошқа заттай дәлелдеме ретінде алынды. Автокөліктер айыппұл алаңына қойылды.

Қазіргі таңда, бұл дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 337 бабымен  сотқа дейінгі тергеп – тексеру амалдары жүргізілуде. Сараптамалар тағайындалып, оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Одан бөлек, аталған дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 482 бабы аясында бойынша әкімшілік іс қозғалды.