Аймақтар • 30 Тамыз, 2020

Қарауылда 300 орындық мектеп-лицей ашылды

667 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев бастаған делегация Абай ауданындағы көрсе көз тойып, көңіл марқаятындай игілікті істердің атқарылып жатқанына куә болды, деп хабарлайды Egemen.kz

Қарауылда 300 орындық мектеп-лицей ашылды

Атап айтсақ, Абай ауданынының орталығы – Қарауылдағы 300 орындық мектеп-лицей қолданысқа берілді. Жаңадан ашылған білім ордасында Назарбаев зияткерлік мектептерінің стандарты бойынша оқытылмақ. Әлбетте, елдегі карантиндік шараларға байланысты үлкен сыныптар қашықтықтан оқыса, бастауыш сыныптар белгіленген санитарлық ережелерді сақтай отырып мектеп қабырғасында білім алады. Абай атындағы жаңа мектеп-лицейдің директоры Роллан Тілеухановтың айтуынша, 300 орындық мектепті екі ауысымға шақтаса, 600 балаға дейін оқытуға қуаты жетеді екен. Олай деп отырғаны, аудан орталығында халық саны жыл сайын өсіп келеді.       

Жидебайдағы тарихи нысандар да жаңғырып, келешек ұрпақ Абайдың тағылымынан тәрбие алып, ғибратты сөздерін санаға сіңіретіндей игі істер атқарылуда. "Абай-Шәкәрім" мовзелей кешені жөндеуден өтті, Құнанбай жатқан Ақшоқы абаттандырылды.

– Абайдың 175 жылдығында біз ақынның мәдени және рухани мұрасына көңіл бөлдік. Президент бастамасымен Абайдың шығармалары өркениетті он елдің тіліне аударылды. Нұр-Сұлтан қаласында "Абай академиясы" ғылыми-зерттеу орталығы құрылды. Абайдың туып-өскен жері, Құнанбайдың жатқан жері үлкен мәдени орталықтарға айналды. Аз уақытта айтарлықтай іс тындырған Шығыс Қазақстан әкімдігіне алғыс айтамын. Өйткені жұмысты мемлекеттік тапсырыс ретінде ғана емес, шын ниеттерімен атқарған екен, – деп ризашылығын білдірді Қырымбек Көшербаев.