29 Қазан, 2013

Басқарушы буын үшін семинар-тренинг

365 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Кеше Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында Өңірлік хаб шеңберінде хабтың қатысушы елдерінің мем­лекеттік қызмет саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдары мен білім беру мекемелерінің басқарушы буыны үшін «Мемлекеттік қызметті жаң­ғыр­тудың өзекті мәселелері» тақырыбындағы семинар-тренинг басталды.

Семинар-тренинг үш күн бойына өтеді және үш сессиядан тұрады: І. Мемлекеттік қызметтің адам ресурстарын басқарудағы инновациялар; ІІ. Қоғамдық есептілік және мемлекеттік қызмет жүйесіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат;

Кеше Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында Өңірлік хаб шеңберінде хабтың қатысушы елдерінің мем­лекеттік қызмет саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдары мен білім беру мекемелерінің басқарушы буыны үшін «Мемлекеттік қызметті жаң­ғыр­тудың өзекті мәселелері» тақырыбындағы семинар-тренинг басталды.

Семинар-тренинг үш күн бойына өтеді және үш сессиядан тұрады: І. Мемлекеттік қызметтің адам ресурстарын басқарудағы инновациялар; ІІ. Қоғамдық есептілік және мемлекеттік қызмет жүйесіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат;ІІІ. Мемлекеттік қызмет тиімділігі мен мемлекеттік қызметшілер қызметін бағалау.

Қанатқақты семинар-тренинг жұмы­сына хабтың 12 қатысушы елінің мем­ле­кеттік қызметшілері мен білім беру меке­ме­лерінің қызметкерлері қатысып жатыр.

Аталған іс-шараға тренер ретінде Онтарио үкіметінің Министрлер кабинетінің тиімділік және инновациялар жөніндегі вице-министрінің экс-көмекшісі Арт Дэниелс (Канада), Нидерланды Орталық үкіметінің Жоғары мемлекеттік қызмет жөніндегі офисінің экс-бас директоры Ян Уилем Век, Нидерландының Орталық үкіметінің жоғарғы мемлекеттік қызмет кеңсесінің (ABD) бұрынғы бас директоры Панос Ливеракос және Ирландия Мемлекеттік қызметінің атқарушы билігінің экс-басшысы, BA&Associates консалтинг компаниясының басқарушы директоры Брайан Эндрюс қатысуда.

Сабақтар шебер-сыныптар, талдау-пікірталастар, кейс әдісін және интерактивті білім беру технологияларын қолдану арқылы семинар-практикумдар, топпен жұмыс істеу түрінде өтуде. Семинар-тренингті өткізу идея­сы Канада, Нидерланды, Ирландия және Грекияның мемлекеттік қызмет жүйесін реформалауға қатысқан жетекші халықаралық сарапшылармен бірге мемлекеттік қызметті жаңғыртудың өзекті мәселелерін талқылау болып табылады. Семинар-тренингтің бағдарламасына халықаралық тренерлердің сабақтарымен қатар, Өңірлік хаб мемлекеттік органдары өкілдерінің баяндамалары енгізілген.

Семинар-тренингтің ашылу рәсіміне Қа­зақстан Республикасы Мемлекеттік қыз­мет істері агенттігінің төрағасы   Ә.Бай­ме­­нов, БҰҰ ДБ тұрақты өкілі С.Тулл, Қа­зақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару ака­демиясының ректоры Б.Әбдірәсілов, шетелдің жиырмадан аса елшілері мен өкілдері, сонымен қатар, ЕҚЫҰ, Еуроодақ, USAID секілді халықаралық ұйымдардың басшылары қатысты.

Өңірлік хаб – ТМД елдері, Грузия және Ауғанстан үшін мемлекеттік қызмет саласында білім мен тәжірибе алмасу бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мен БҰҰ ДБ-ның бірлескен көлемді жобасы болып табылады. Өңірлік хаб мемлекеттік қызметті жаңғырту мәселелері бойынша практиктер, ғалымдар мен сарапшылардың диалогын орнату үшін көпжақты алаң құруға арналған, сондай-ақ, бірлескен жобалар мен бағдарламаларды өткізу, кәсіби желілерді және өңірдің сараптамалық қоғамдастығын ұйымдастыру үшін негіз болып табылады.

Ләйла Еділқызы,

«Егемен Қазақстан».

Соңғы жаңалықтар

Уақытпен үндескен радио

Қоғам • Бүгін, 21:50