Саясат • 31 Тамыз, 2020

Ата Заң – жаңғырудың іргелі негізі

563 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің қолдауымен Заңнама және құқықтық ақпарат институты базасында Әділет министрлігі ұйымдастырған Конституциямыздың 25 жылдығына арналған «Қазақстан Республикасының Конституциясы – қоғам мен мемлекетті әлеуметтік жаңғыртудың іргелі негізі» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық онлайн-конференция өтті.

Ата Заң – жаңғырудың іргелі негізі

Конференцияны Заңнама және құ­қық­тық ақпарат институтының директоры Р.Сәрпеков салтанатты түрде ашты. Өзінің кіріспе сөзінде ол қатысушыларды Конституцияның 25 жылдық мерейтойы­мен құттықтап, еліміздің Негізгі Заңы мемлекеттің, қоғамның, адамның және азаматтың тіршілік әрекеті мен өзара іс-қимылы үшін негіз болатын, үстемдік пен негіз қалаушы рөлге ие әмбебап құқықтық акт екенін атап өтті.

Конституциялық Кеңестің төраға­сы Қ.Мәмидің құттықтау сөзін Консти­туциялық Кеңестің мүшесі Ә.Темірбеков оқыды. Ол Конституцияның қазіргі қоғам мен мемлекеттің тыныс-тіршілігінде ерекше орын алатынын атап өтті.

Конституциялық заңнаманы одан әрі жетілдіру мақсатында жаңа идеялар мен тәсілдерді, жүргізілген конституциялық реформаларды жан-жақты талқылауды мақсат еткен конференцияға Парламент депутаттары, Конституциялық Кеңес мү­ше­лері, мемлекеттік органдардың, Қазақ­станның ғылыми қоғамдастығының басшылары мен өкілдері және Германия, Ресей, Беларусь және Қырғызстанның халық­аралық сарапшылары қатысып, баяндама жасады.

Конференция шеңберінде Консти­ту­циялық Кеңестің мүшесі Ә.Темірбеков «Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің жолдауындағы қоғам мен мем­лекетті әлеуметтік жаңғыртудың кей­бір аспектілері» тақырыбында баяндама жасады.

Әділет министрі М.Бекетаев елімізде жүр­гізілген конституциялық реформаларда қоғамымызды демократияландыру, халық билігінің негіздерін одан әрі ны­ғайту, Парламенттің рөлін күшейту, Үкі­меттің дербестігін арттыру бойынша негізгі қоғамдық сұраныстар ескерілгенін атап өтті.

Сонымен қатар Нұрсұлтан Назарбаев қоры атқарушы директорының орынбаса­ры, профессор И.Рогов, Сенаттың Конс­ти­туциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің хатшысы Қ.Сафинов, Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің хатшысы С.Бычкова құттықтау сөз сөйледі.

Конференцияда Қазақстандағы халық­­аралық ынтымақтастық жөніндегі Гер­­мания қоғамы өкілдігінің басшысы (GIZ), Берлин қаласының судьясы Й.Пу­делька мемлекеттік құрылымның консти­ту­циялық принциптерін бекітудің мазмұны мен тәртібі, олардың арасында Германия мен Қазақстан заңнамасы мысалында құқықтық мемлекет принципі ерекше маңызды орын алатыны жөнінде баяндама жасады.

Конференция жұмысының қоры­тын­дысы бойынша тиісті мемлекеттік орган­дарға, қоғамдық, ғылыми ұйымдар мен жо­ғары оқу орындарына жіберілетін ұсы­ныстар әзірленді.