Спорт • 31 Тамыз, 2020

Жеңіл атлетикадан әлемдік рекорд үш жылдан соң мойындалды

643 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

World Athletics он сайыстан 20 жасқа дейінгі спортшылар арасында германиялық Никлас Каул орнатқан әлемдік рекордты мойындады. Бұл туралы Ұлттық Олимпиада комитеті хабарлайды, деп жазады Egemen.kz 

Жеңіл атлетикадан әлемдік рекорд үш жылдан соң мойындалды

Рекордты тіркеу үшін үш жылға жуық уақыт кетті. Никлас 2017 жылы 20 жасқа дейінгі спортшылар арасында өткен Еуропа чемпионатында 8435 ұпай жинаған болатын. Алайда, ұзақ уақыт бойы оның жетістігін ресми түрде мойындалған жоқ. Бұған Еуропа чемпионатын қабылдаған стадионның сертификаты жоқтығы себеп болған. Спорттық нысан 2020 жылдың мамырында ғана лицензия алды.  Айта кетелік, Никас 2019 жылы ересектер арасында әлем чемпионы атанған.