Аймақтар • 31 Тамыз, 2020

Бір жарым сағаттық тікелей эфирде 47 сауал түсті

259 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

"Жолда қабылдау" республикалық акциясы аясында Facebook және Instagram әлеуметтік желі қолданушыларымен солтүстікқазақстандық полицейлер бір жарым сағаттай үзіліссіз, тікелей эфирге шыққанда 47 сауал келіп түсті, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Бір жарым сағаттық тікелей эфирде 47 сауал түсті

Тікелей эфирді 187 қолданушы тыңдап, көрген. Қала тұрғыны Алена Лытова бір жыл бұрын рөлі оң жақтан сол жаққа ауыстырылған "Nissan Tiida" автокөлігін сатып алған. Акцияның өткізілу мерзімін білетін ол, Қостанай қаласынан қауіпсіздік хаттамасын алып, бүгін есепке қою үшін жүгінді. Алена тікелей эфирде нөмірін қысқа мерзім ішінде ресімдегенін айтып, ризашылығын білдірді.

СҚО ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Жасұлан Оспановтың айтуынша, өңірде "сары нөмірді" көлік құралдарының 256 иесі алған, оның бесеуі оң жақтан сол жаққа қайта жабдықталған. Бұдан басқа желі қолданушылары жол белгілеріне қатысты сұрақтар қойып, бағдаршамдар орнатылмаған "қауіпті" қиылыстарды атады, мекенжайларға учаскелік полиция инспекторларын жіберу туралы өтініштер де көп болды. Жалпы акцияның үш күнінде қабылдауға 327 солтүстікқазақстандық жүгінді.

 

Қазақстандағы және әлемдегі соңғы жаңалықтарды бірінші болып оқу үшін Telegram желісінде бізге жазылыңыз.