
Парламенттің қос Палатасының бірлескен отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің дағдарыстан кейінгі кезеңдегі негізгі даму мақсаттары жайында айтады. Жолдаудың басым бөлігі экономикалық және әлеуметтік мәселелерге арналады деп күтілуде.
Жолдауды барлық республикалық телеарналар тікелей эфир арқылы көрсетіп, негізгі радиостанциялар тікелей толқында таратады.