Президент • 01 Қыркүйек, 2020

Президент індетпен күрестің алғы шебінде жүрген азаматтарға алғыс айтты

300 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауы барысында індетпен күресте еңбек еткен дәрігерлерге, құқық қорғау орындарының  қызметкерлеріне, әскери қызметкерлерге, еріктілерге алғыс айтты, - деп хабарлайды Egemen.kz

Президент індетпен күрестің алғы шебінде жүрген азаматтарға алғыс айтты

"Парламенттің кезекті сессиясының жұмысы күрделі кезеңде басталды. Елімізде жер жаһанға зор қауіп төндірген пандемияға қарсы күрес әлі де жалғасуда. Біз азаматтардың өмірін және денсаулығын сақтап қалу үшін бар күш-жігерімізді біріктірдік. Осындай сын сағатта ынтымағы жарасқан халқымыз жұдырықтай жұмылды. Індетпен күрес дана халқымызға тән асыл қасиеттеріміздің арқасында жүзеге асты. Өзгеге қол ұшын созып, тілеулес болу, тосыннан келген кеселге қарсы тұру маңызды екені анық байқалды. Дәрігерлерге, құқық қорғау орындарының  қызметкерлеріне, әскери қызметкерлерге, еріктілерге, кәсіпкерлерге  және осындай шақта бей-жай қалмаған барша азаматтарға шын жүректен алғыс айтамын", - деді Президент.



Соңғы жаңалықтар

Даланың дәмі бар балмұздақ

Кәсіпкер • Бүгін, 09:15

Шебер тірілткен құнды мұра

Көрме • Бүгін, 09:05

Жарапазан айтып жарысты

Дәстүр • Бүгін, 09:00

Наурыздың рухын асқақтатқан ән

Наурызнама • Бүгін, 08:55

Парасат пен мейірім

Қоғам • Бүгін, 08:50

Америка асқан «Қыз-Жібек»

Таным • Бүгін, 08:45

Өнегелі Ольга

Қоғам • Бүгін, 08:35

Тау көтерген толағай

Қоғам • Бүгін, 08:30

Ұлт тағамын ұлықтаған

Кәсіпкер • Бүгін, 08:20

Жауапты ғұрып

Пікір • Бүгін, 08:10