Президент • 01 Қыркүйек, 2020

Қ.Тоқаев: Қоғамдық кеңестердің рөлі артуы тиіс

394 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында сыбайлас жемқорлықпен күресу үшін қоғамдық кеңестердің рөлін арттыру қажеттігіне тоқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қ.Тоқаев: Қоғамдық кеңестердің рөлі артуы тиіс

«Сыбайлас жемқорлықпен күрес барынша жүйелі сипат алуда. Жемқорлықтың пайда болу себептеріне көбірек назар аударылып, алдын алу жұмыстары жүргізілуде. Енді, жемқорлыққа апаратын факторларды анықтау үшін мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектордың нормативтік актілермен жұмыс үдерісіне жемқорлыққа қарсы күрес тұрғысынан арнайы талдау жүргізген жөн.

Сонымен қатар сыбайлас жемқорлықпен күрес жауапқа тартудан қорыққан шенеуніктерді дербестік, бастамашылдық және жедел әрекет ету қатерінен айырмауға тиіс. Біз мемлекеттік бақылауға балама ретінде қоғамдық бақылау институтын қолдай отырып, тиісті құқықтық негіз қалыптастыруымыз керек», деді Президент.

Осыған байланысты мемлекеттік органдардың, квази мемлекеттік сектордың қоғам алдындағы ашықтығын және есептілігін қамтамасыз етуге жол ашатын қоғамдық бақылау туралы заңды әзірлеп, қабылдауды тапсырды.

«Қоғамдық кеңестердің рөлін арттыра түсу керек. Оларды сатып алуды ұйымдастыратын комиссиялардың жұмысына тарту қажет. Сондай-ақ квази мемлекеттік секторда қоғамдық кеңес құру мүмкіндігін қарастыру керек. Парламент қаралымындағы тиісті заң жобасын жыл аяғына дейін қабылдаған жөн. Сонымен қатар қоғамдық кеңестердің құрамына түрлі әлеуметтік топ өкілдерін кеңінен тарту керек. Мысалы, біз мүмкін шектеулі адамдар осындай ұйымдардың жұмысына араласып, өз үндерін жеткізу үшін қолайлы жағдай жасауымыз қажет. Олар әрқашан мемлекеттің ерекше назарында болуға тиіс», деді Қ.Тоқаев.