Аймақтар • 01 Қыркүйек, 2020

Түркістанда есірткі сатумен айналысқан күдіктілер ұсталды

332 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облысында полицейлер есірткі сатумен айналысқан күдіктілерді ұстады. Бұл туралы ІІМ баспасөз қызметіне Egemen.kz сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Түркістанда есірткі сатумен айналысқан күдіктілер ұсталды

Түркістан облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Келес АПБ полицейлерімен бірлесіп, е сірткі заттарын заңсыз тасымалдау мен өткізу жайтының жолын кесті.

Жедел-іздестіру іс-шарасы барысында полиция қызметкерлері "Көкнарды" өткізбек болған екі күдіктіні ұстады. Олар Келес ауданының тұрғындары болып шықты. Жедел уәкілдер күдіктілерден 1 кг-ға жуық өсімдік тектес есірткі заттарын тәркіледі.

Қазіргі уақытта аталған жайт бойынша ҚР ҚК-нің 297-бабы 1-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе өткізу) бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктілердің бірі қамауға алынды, екіншісі қолхатта. Полиция қызметкерлері істің толық мән-жайын, оның ішінде есірткі жеткізу арналарын анықтауда.

Түркістан облысының полицейлері есірткіні заңсыз сақтағаны, тасымалдағаны және сатқаны үшін осы баптың санкциялары он жылға дейін мүлкін тәркілеп, бас бостандығынан айыруды көздейтінін еске салады. Өз кезегінде тәртіп сақшылары азаматтарды зиянды әдеттерден бас тартуға және салауатты өмір салтын ұстануға шақырады.