Еліміздегі Қарулы Күштердің барлық әскери бөлімдерінде әскери ант беру рәсімдері өтті. 5800-ден астам мерзімді әскери қызметші Отанға адал болуға ант берді.
Карантиндік шаралар жағдайында ант беру рәсімдері әскерге шақырылушылардың туыстарының қатысуынсыз ұйымдастырылған. Оларға рәсімге онлайн режімінде қатысу мүмкіндігі берілді.
Еліміздің әр өңірінен келген жастар эксаумақтық принцип бойынша бөлінген. Жас толымдар Құрлық әскерлерінің, Әуе қорғанысы күштері мен Әскери-теңіз күштерінің әскери бөлімдерінде қызмет өткеретін болады.
Әскери ант қабылдар алдында жас жауынгердің курсы болды. Бір ай бойы әскерге шақырылушылар жалпыәскери жарғыларды зерделеп, саптық, атыс және дене дайындығын меңгерді.
Нағыз шыдамдылық, ерік-жігер, күрделі шешімдер қабылдау қабілеті – бүгінгі ант қабылдаған жас сарбаздарға тән қасиет болуы керек. Әскер – ерлік мектебі және ол ант беруден басталады.