Аймақтар • 02 Қыркүйек, 2020

ERG Service ЖШС техникалық жөндеу жұмыстарын жалғастыруда

296 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

ERG (Еуразиялық Топ) құрамындағы «ERG Service» ЖШС «Қазақстан алюминийі» АҚ және «Евразиялық Энергетикалық Компаниясы» АҚ өндіріс орындарында  энергетикалық жабдықтарды жөндеу жүктемесін аяқтады.   

ERG Service ЖШС техникалық жөндеу жұмыстарын жалғастыруда

«ERG SERVICE» ЖШС-Еуразиялық Топтың өндірістердегі құрал-жабдықтарды жасаумен, оларға техникалық қызмет көрсету,  жөндеу, қосалқы жұмыстармен айналысатын орталықтандырылған сервистік кәсіпорын.

 Серіктестік құрамында «Павлодар машина жасау зауыты» АҚ,басқа да өндірістік жөндеу құрылымдары мен құю механикалық цехы бар.

Топ баспасөз қызметінің мәліметінше, ERG Service мамандары «ЕЭК» АҚ Ақсу электр стансасының №6, №2 энергоблоктарында күрделі және орта жөндеу жұмыстарын жасады.

 Қазір «Қазақстан Алюминийі» АҚ жылу электр орталығының №2 қазандық агрегатындағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Бұл өндіріс орындарында еңбек өнімділігін арттырып, жөндеу жұмыстарынан соң құрылғылардың сапалы жұмыс жасауына септігін тигізеді.

ERG Service-тің басты артықшылықтары – жөндеу қызметтері мен құю, машина жасау активтерінің өзара әріптестігі мен ішкі кооперациясы.

– Ал, биыл жөндеу жұмыстарын COVID-19 кезінде, осыған байланысты жарияланған карантин тұсында да атқаруға тура келді, - дейді «ERG Service» ЖШС бас директоры Сергей Ельчищев.– Нысандардағы жұмысты барынша қауіпсіз етуге де жауаптымыз.Өндіріс алаңдарында барлық санитарлық тазарту шаралары мен температуралық тәртіпті сақтау үшін бірінші кезекті істерді атқардық. Бұлардың бәрі алдымен қызметкерлердің денсаулығын індет қатерінен сақтау үшін жасалды. Қазір қалыптасқан жағдайдан, былайша айтқанда «жаңа компания» болып шығуымыз керек екенін түсінеміз.

Енді ERG Service ЖШС мамандары жыл соңына дейін «Қазақстан алюминийі» АҚ ЖЭО-ның №6-шы қазандық агрегатын, «ЕЭК» АҚ Ақсу электр стансасының №1 энергоблогын күрделі жөндеуден өткізбек.

Бұл мақсат-Жылу электр  орталығы мен электр стансасының техникалық-экономикалық, экологиялық және жұмысының өзге де сапалық көрсеткіштерін жақсартуға мүмкіндік бермек.

 

Павлодар облысы

Суретті түсірген: Ольга Веренеева