Қоғам • 03 Қыркүйек, 2020

ХҚО-да қосылғандар (Жыл сайын бұл мекемеде 25-30 жұп отау құрады)

252 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Халыққа қалтқысыз қыз­мет етіп отыр­ған «Аза­мат­тарға арналған үкімет» мемлекеттік корпора­ция­сының қашанда шаруасы шаш етектен. Бұл мекеме мемлекеттің бүкіл құжат­тарын реттеп, рәсімдеп қана қоймай, талай жас­тар­дың махаббатының куәсі болып, қазақ­стандық жас отбасылар қатарын көбейтуге өз үлесін қосып келеді.

ХҚО-да қосылғандар (Жыл сайын бұл мекемеде 25-30 жұп отау құрады)

Оған дәлел, жыл сайы­н Алматы филиа­лының өзінде 25-30 отбасы құ­ры­лып жатады. Биыл да ма­хаббат­тың құдірет күші­мен жұп болып, отау тігіп жатқандар бар.

«Ал­маты қаласы фи­лиа­лының өзін­­де, оның барлық аудандарындағы фронт-офистер мен бэк-офистерінде, маман­дан­дырылған ХҚО-ларында 2 мыңға жуық маман жұмыс істейді. Оның 70 пайызы жастар. Жоғары оқу орындары мен колледж­дерден мамандық алған жастар, еңбек жолын ХҚО-ларда бас­тап жатады. Әри­не, отбасылық өмірлері де осы жерден баста­­латындар аз емес. Осы күнге дейін филиал 100-ге жуық отба­сы­ның тұсауын кесті», дей­­­ді филиал директоры Данияр Қырық­баев.

Бақытын «Азаматтарға арналған үкі­мет­тен» тапқан сондай жұптардың бірі – Ғүнари Мат­суба мен Ләззат Башкеева. Олардың ХҚО-да жұмыс істегендеріне 10 жылға жуық­таған. Осы жылдар ішінде бір-біріне деген махаббаты мен сенімі нықталған жас­тар шаңырақ көтеріп, отау құрды.

 

АЛМАТЫ